Тринитротолуолдың Украинадан Тәжікстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 шілдедегі N 728 Қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Украинадан Тәжiкстан Республикасына 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 147 келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура мен мөлшерде "Химзауыт" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы (Исфара қаласы, Тәжiкстан Республикасы) үшiн "Заря" Рубежное қазыналық химия зауыты (Рубежное қаласы, Украина) жеткiзетiн тринитротолуолдың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнің Кеденкомитетi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi тринитротолуолдың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн заңнамада белгiленген тартiппен бақылауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                             2002 жылғы 5 шiлдедегi
                                                N 728 қаулысына
                                                       қосымша

   "Химзауыт" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы (Исфара қаласы,
  Тәжiкстан Республикасы) үшiн "Заря" Рубежное қазыналық химия
    зауыты (Рубежное қаласы, Украина) жеткiзетiн тауарлардың  
                             мөлшерi

Р/с
N

Тауардың атауы

СЭҚ ТН коды

Өлшем бір-
лігі

Саны

Бірлік үшін АҚШ долларымен бағасы

АҚШ доллар-ымен құны

Тран-
зитті жүзеге асыру мерзім-
дері (тоқ-
сан)

1.

Тринитротолуол

290420100

тонна

250

670

167500

ІІ

2.

Тринитротолуол

290420100

тонна

250

670

167500

ІІІ

3.

Тринитротолуол

290420100

тонна

500

670

335000

IV


Жиыны:


тонна

1000

670

670000


      Жөнелту бекетi: Рубежная станциясы, Дон темiр жолы (Украина).
      Жеткiзу бекетi: Исфара станциясы, Тәжiк темiр жолы (Тәжiкстан Республикасы).
      Шекаралық өтпелi бекеттер: Озинки станциясы - Шеңгелдi станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады