Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ұялы байланысты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652
қаулысына
мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақта:
"орынбасарларының бiреуiне" деген сөздер "орынбасарларына" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасына" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасына" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі