Ұялы байланысты пайдалану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 мамыр N 652. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.02. N 892 қаулысымен.

      Бюджет қаражатын үнемдеу режимiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы:
      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына, Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің Көмекшiсiне, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына, Қазақстан Республикасының Президентi Протоколының бастығына, Қазақстан Республикасының Президентi Кеңсесiнiң меңгерушiсiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасына, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және жүргiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрайымына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының төрт орынбасарына, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқарушысына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрiне, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Бас штабының бастығына, Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрiне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң төрағасына, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасына республикалық бюджеттің қаржыландыру жоспарына сәйкес мемлекеттiк органдарға ай сайын белгiленетiн лимит шегiнде ұялы байланысты пайдалану құқығы берiлсiн. <*>
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.27. N 1608 , 2001.01.24. N 126 , 2001.08.02. N 1019 , 2002.07.16. N 786 , 2003.01.15. N 016 қаулыларымен.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады