Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2002 жылғы 9 ақпандағы N 860/45046040/02/08-20/1 келiсiм-шартқа сәйкес Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ядролық физика институты (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшiн "ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) қосымшаға сай номенклатурасы мен саны бойынша беретiн тың ядролық отынның Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тың ядролық отынның транзитін бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 шілдедегі
N 842 қаулысына
қосымша
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ядролық институты
(Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшін "ТВЭЛ" ашық
акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)
беретін тауарлар саны
___________________________________________________________________
Р/с Тауардың СЭҚ ТН Өлшем Саны АҚШ АҚШ
N атауы коды бірлігі доллары. доллары.
мен мен
бірлік құны
бағасы
___________________________________________________________________
1. Жылу бөлгіш 8401300000 дана 35 12840 449400
құрама (ЖБҚ
ИРТ-ЗМ
0019.09.00.000)
___________________________________________________________________
Жиыны: 35 12840 449400
___________________________________________________________________
Жөнелту пункті: Новосибирск қаласы (Ресей Федерациясы).
Баратын пункті: Ташкент қаласы (Өзбекстан Республикасы).
Әуе көлігімен жылжу бағыты: Новосибирск - Қарағанды - Ташкент.