Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тың ядролық отынның транзитiне рұқсат беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 842 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406 Қаулысымен.

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. 2002 жылғы 9 ақпандағы N 860/45046040/02/08-20/1 келiсiм-шартқа сәйкес Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ядролық физика институты (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшiн "ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) қосымшаға сай номенклатурасы мен саны бойынша беретiн тың ядролық отынның Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тың ядролық отынның транзитін бақылауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2002 жылғы 29 шілдедегі
                                                 N 842 қаулысына
                                                      қосымша

  Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ядролық институты
   (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшін "ТВЭЛ" ашық
     акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)
                       беретін тауарлар саны
___________________________________________________________________
Р/с    Тауардың      СЭҚ ТН      Өлшем    Саны    АҚШ       АҚШ 
N      атауы        коды       бірлігі         доллары.   доллары.
                                                  мен        мен
                                                 бірлік      құны
                                                 бағасы
___________________________________________________________________

1.  Жылу бөлгіш     8401300000    дана      35    12840      449400
    құрама (ЖБҚ
    ИРТ-ЗМ
   0019.09.00.000)
___________________________________________________________________
    Жиыны:                                  35    12840      449400
___________________________________________________________________

     Жөнелту пункті: Новосибирск қаласы (Ресей Федерациясы).
     Баратын пункті: Ташкент қаласы (Өзбекстан Республикасы).
     Әуе көлігімен жылжу бағыты: Новосибирск - Қарағанды - Ташкент. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады