Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.07.14 № 797 Қаулысымен.
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiзшiсi паспортының үлгiсi (сипаттамасы) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының теңiзшiсi паспорттарының бланкілерiн оның сипаттамасына сәйкес жасауды қамтамасыз етсiн.
3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының
халқын құжаттандыру және тіркеу ережесiнде:
"Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру, алып қою және пайдалану тәртiбi" деген 2-бөлiмнiң 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтiк паспорты және теңiзшiсі паспорты берiлуi мүмкiн".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 22 тамыздағы
N 941 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының теңiзшiсi
паспортының үлгiсi
(сипаттамасы)
1. Паспорт кiтапшасының көлемi 88x125 мм, оның iшiне сутаңба белгiлерi бар арнайы қағаздан жасалған 19 парақ орналастырылады. Паспорт парақтарындағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен орындалған.
2. Паспорттың мұқабасы көгiлдiр түстi - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес, онда алтын түспен орындалған мыналар орналастырылған:
а) қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде мынадай батырма жазулар:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
б) ортасында - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
в) Елтаңбаның төменгі жағында - қазақ және ағылшын тілдерiнде
мынадай батырма жазулар:
ТЕҢIЗШIНIҢ ПАСПОРТЫ
SEAMAN'S PASSPORT
3. Мұқабаның iшкi жағында қазақ және ағылшын тiлдерiнде тiгiнен мынадай жазу орналасқан:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, ортасында - Қазақстан Республикасы Елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi, төменгі жағында - қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар:
ТЕҢIЗШIНIҢ ПАСПОРТЫ
SEAMAN'S PASSPORT
бұдан әрi қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар:
Бұл паспорт 1958 жылғы Теңізшiлердің ұлттық жеке куәлiктерi туралы конвенцияның (N. 108) мақсатында теңiзшiнің жеке куәлiгi болып табылады.
Данный паспорт является удостоверением личности моряка в целях Конвенции (No. 108) 1958 года о национальных удостоверениях личности моряков
This Passport is аn identity card issued to seaman for the purpose of seafarer's identity Documents Convention (No. 108), 1958.
Теңізшiнің паспорты 38 беттен тұрады.
Паспорт моряка содержит 38 страниц.
The Seaman's Passport contains 38 pages.
Иесiнің қолы
Подпись владельца
Holder's signature
4. Бiрiншi бетте қазақ тiлінде тiгiнен мынадай жазу орналасқан:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
төменгi жағында солдан оңға қарай мынадай жазулар:
Түрi /Тип/ Туре Берген мемлекеттiң коды Теңiзшi паспортының N
Код государства выдачи N паспорта моряка
Code of issuing State No Seaman's Passport,
Сол жағында - фотосуретке арналған орын, фотосуреттен оңға қарай мынадай жазулар:
Тегі / Фамилия/ Surname
Аты /Имя/Given names
Әкесiнiң aты/Отчество/Nationality
Азаматтығы/Гражданство/Nationality Туған жерi/Место рождения/
Place of birth
Туған күнi/Дата рождения/Date of birth Жеке тұлғаны сипаттау
32-бетте
Ұлты /Национальность/ Описание личности см. на
стр.32
Personal description see оn
раgе 32
Жынысы /Пол/ Sex Берiлген күнi/Дата выдачи/
Date of issue
Құжатты берген орган Қолданылу мерзiмiнің
Орган, выдавший документ аяқталуы /Дата окончания
Authority срока действия/ Date of
expiry
5. Паспорттың 2-бетінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тiгiнен мынадай жазу орналасқан:
Теңiзші паспортының қолданылу мерзiмi ұзартылды
Срок действия паспорта продлен до
The Seaman's Passport is extended till
Паспорттың қолданылу мерзiмiн ұзартқан тұлғаның лауазымы мен қолы.
Должность и подпись лица, продлившего срок действия паспорта.
Position and signature of person extended the validity of passport
Көрсетiлген жазбаның төменгi жағында мөрге арналған орын бар: М.О. / S.P.
6. 3-10-беттер қызметтiк жағдайы туралы белгiге арналған. Беттің жоғарғы жағында мынадай жазу:
Қызмет жағдайы және оның өзгеруi
Служебное положение и его изменения
Seaman's position and сhаngеs of it,
төменгi жағында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай жазбалар орналасқан (24-тармақ):
1. (атқаратын лауазымы - занимаемая должность - seaman's position)
(кеменiң аты - название судна - name of m/s, s/s)
(кеменiң иесi - судовладелец - shipowner)
(паспорт берген тұлғаның қолы - подпись выдавшего паспорт - issued by signature), төменгі жағында мөрге және күнiн көрсетуге арналған орын бар.
2. (атқаратын лауазымы - занимаемая должность - position)
(кеменiң аты - название судна - name of m/s, s/s)
(кеменің иесi - судовладелец - shipowner)
(өзгерiс енгiзген тұлғаның қолы және лауазымы - подпись и должность лица, внесшего изменения - signature and position of реrsоn who has made amendment),
төменгi жағында мөрге және күнін көрсетуге арналған орын.
3-24-тармақтар 2-тармаққа ұқсас.
7. 11-31-беттер шекаралық бақылау туралы белгi соғуға арналған. Беттердің жоғары жағында мынадай жазу:
Шекаралық бақылау туралы белгiлер
Отметки о пограничном контроле
Notes of the border control
8. 32-бетте ортасында мынадай жазулар:
Тұлғаны сипаттау
Описание личности
Personal description
төменгi жағында 4-тармақ:
1. Бойы __________________________________
Рост
Height
2. Көзiнің түсi __________________________
Цвет глаз
Color of eyes
3. Қанның тобы, резус фактор _____________
Группа крови, резус фактор
Blood type, rhesus factor
4. Ерекше белгiлерi ______________________
Особые приметы
Sресiаl features
9. 33-36-беттер белгi соғуға арналған. Беттердің жоғарғы жағында мынадай жазу:
Белгілер үшiн
Для отметок
Notes
10. 37-бетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерiнде (3-тармақ) мынадай жазулар орналастырылады:
1. Теңізшiнiң паспорты шетелдерге жүзетiн қазақстандық кемелерде жұмыс iстейтiн немесе кеме иесi шетел кемелерiнде жұмыс iстеу үшiн iссапарға жiберетiн Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.
Паспорт моряка выдается гражданам Республики Казахстан, работающим на казахстанских судах заграничного плавания или командируемых судовладельцем для работы на иностраннных судах.
The Seaman's Passport is issued to the citizens of the Republic of Kazakhstan - the crew members оn а board а foreign-going ship of Kazakhstan or sent оn а mission by а shipowner оn board а foreign ship.
2. Теңiзшiнiң паспорты шетелдерде де, Қазақстан Республикасының шегiнде де иесінің жеке басын куәландыратын ресми құжат болып табылады.
Паспорт моряка является официальным документом, удостоверяющим личность владельца за границей, так и в пределах Республики Казахстан.
The Seaman's Passport is аn official document to prove identity of its owner both abroad and within the Republic оf Kazakhstan.
3. Теңiзшi паспортының иесi паспортты ұқыпты сақтауға міндеттi.
Владелец паспорта моряка обязан бережно хранить паспорт.
The Seaman's Passport owner must keep this document with care.