Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 106 P020106_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомашиналар сатып алу: "Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін -
тоғыз "Мерседес-Бенц" Е 200, үш "Мерседес-Бенц" S 320 L; "Қазақстан
Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін бір "Мерседес-Бенц" S 320 L және
отыз ГАЗ 3110-411 "Волга".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.