Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 106 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 мамыр N 106в

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 106 P020106_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Автомашиналар сатып алу: "Қазақстан Республикасының Президенті Іс

 

Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін -

тоғыз "Мерседес-Бенц" Е 200, үш "Мерседес-Бенц" S 320 L; "Қазақстан

Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы"

республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін бір "Мерседес-Бенц" S 320 L және

отыз ГАЗ 3110-411 "Волга".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады