Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексінің
(Салық кодексi) 258-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
мынадай жолдар:
"2208** Арақтар және физ. 60 теңге/ 1,7 евро/
ерекше арақтар көлемi 1 литр 1 литр "
мынадай редакцияда жазылсын:
"2208** Арақтар және физ. 100 теңге/ 1,7 евро/
ерекше арақтар көлемi 1 литр 1 литр ".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі