"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 P010655_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 787
қаулысымен
мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру ережесіне өзгерістердің жобасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
Қаулысы
Алматы қаласы 2002 жылғы ______ N_______
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 U010543_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 V011568_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9 Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексі - Merrill
Lynch компаниясының өтеу мерзімі алты айға дейін АҚШ-тың қазынашылық
вексельдерінен тұратын индексі. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн
сайын есептеліп отырады.";
33-тармақтағы "Salomon" деген сөз "Merryll Lynch" деген сөздермен
ауыстырылсын;
44-тармақтағы кесте мынадай редакцияда жазылсын:
_____________________________________________________________________
! Эталон ! Ең аз ! Ең көп
_____________________________________________________________________
Белгіленген кірісі бар бағалы 75% 65% 85%
қағаздар портфелі
_____________________________________________________________________
Акциялар портфелі 25% 15% 35%
_____________________________________________________________________
45-тармақта:
"60%-нен" деген сөздер "75%-нен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"40%-нен" деген сөздер "25%-нен" деген сөздермен ауыстырылсын;
60-тармақтың 1) тармақшасындағы "100" деген сан "50" деген санмен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2002 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын
қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелген күнінен бастап бес күн мерзімде осы қаулыны Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің назарына жеткізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Төрағасының орынбасары - Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қазандағы
N 1112 қаулысымен
мақұлданған
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.