Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 787 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне өзгерістердің жобасын мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қазан N 1112

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 P010655_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған Қазақстан

 

Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 787 


P010787_


  қаулысымен

мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық

операцияларын жүзеге асыру ережесіне өзгерістердің жобасы мақұлдансын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                                   Жоба


                     Қазақстан Республикасының

                    Ұлттық Банкі Басқармасының

                             Қаулысы


     Алматы қаласы       2002 жылғы ______               N_______


          "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық

           операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы"

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

                2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына

                       өзгерістер енгізу туралы



 
       Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 U010543_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 V011568_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:

     9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "9 Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексі - Merrill

Lynch компаниясының өтеу мерзімі алты айға дейін АҚШ-тың қазынашылық

вексельдерінен тұратын индексі. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн

сайын есептеліп отырады.";

     33-тармақтағы "Salomon" деген сөз "Merryll Lynch" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     44-тармақтағы кесте мынадай редакцияда жазылсын:

_____________________________________________________________________

                                !  Эталон  !  Ең аз   ! Ең көп

_____________________________________________________________________    

Белгіленген кірісі бар бағалы     75%         65%       85%

қағаздар портфелі

_____________________________________________________________________    

Акциялар портфелі                 25%         15%       35%    

_____________________________________________________________________   

     45-тармақта:

     "60%-нен" деген сөздер "75%-нен" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "40%-нен" деген сөздер "25%-нен" деген сөздермен ауыстырылсын;

     60-тармақтың 1) тармақшасындағы "100" деген сан "50" деген санмен

ауыстырылсын.


 
       2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2002 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

 

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын

қабылдасын;

     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркелген күнінен бастап бес күн мерзімде осы қаулыны Қазақстан

Республикасы Қаржы министрлігінің назарына жеткізсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Төрағасының орынбасары - Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.


     Ұлттық Банк

       Төрағасы


     Қазақстан Республикасы

     Үкіметінің

     2002 жылғы 11 қазандағы

     N 1112 қаулысымен

     мақұлданған




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады