Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543
Жарлығын
iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберсiн;
3) 2002 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң инвестициялық стратегиясын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Үкіметімен мақұлданған
9 маусымның 2001 ж. N 787
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
20 маусымның 2001 жылғы
N 237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы " 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402, " Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы " 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлықтарына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi - Қор) сенiмдi басқарған кезде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қорды сенiмдi басқарған кезде Ұлттық Банктiң инвестициялық операцияларды жүзеге асырудағы негiзгi мақсаттары:
1) Қор активтерiнің сақталуы;
2) Қор активтерi өтiмділігінің жеткiлiктi деңгейде болуын қолдау;
3) тәуекелдің деңгейi қалыпты болған жағдайда Қор активтерi түсiмділігінің перспективалы ұзақ мерзiмде жеткiлiктi түрдегi жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қор активтерi кiрiстiлігінiң перспективалы ұзақ мерзiмде жеткiлiктi түрдегi жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету кiрiстіліктiң қысқа мерзiмге ауытқуын көздейдi.
2-1. Қорды сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Lіmіted, Fіtch Ratіngs Ltd және қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын басқа да ақпараттық жүйелер көрсететін қызметті сатып алуды қамтиды.
Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
3. Портфельдi активтiк басқару - бұл портфель кiрiстілiгiнiң ауытқу өзгермелiлігінiң мәнi 0.5%-тең асқан жағдайда басқару түрi.
5. Бағалы қағазды (портфельдi) өтеу кiрiстiлiгi - бағалы қағаздың (портфельдiң) процентпен көрсетiлген және оны өтегенге дейiн сатып алған және сақтаған жағдайда алынатын белгiленген кiрiспен қоса бағалы қағаздың (портфельдiң) кiрiстiлігі. Бағалы қағазды (портфельдi) өтеу кiрiстiлігін есептеу бағалы қағаз (портфельдің) купонының ставкасына, өтеу мерзiмiне және рыноктық құнына негiзделедi. Есептеген кезде купондық төлемдер бағалы қағазды (портфельдi) өтеу кiрiстілігiне тең проценттiк ставка бойынша қайта инвестициялануы мүмкiн.
6. Бағалы қағаздың (портфельдiң) белгiленген кiрiстілiгiмен қоса дюрациясы - бағалы қағазды (портфельдi) өтеу кiрiстiлігі жоғарылаған/төмендеген жағдайда бағалы қағаз (портфель) құнының шамамен алғанда қаншалықты төмендегенiн/жоғарылағанын көрсететiн көрсеткiш.
7. Кiрiстіліктiң ауытқуының өзгермелiлiгi (tracking еrrоr) - портфель кiрiстiлiгінің эталон портфелi (tracking еrrоr) кiрiстiлiгiнен ауытқуының өзгермелiлiгiн көрсететiн эталон портфелiне қатысты портфельдiң рыноктық тәуекелiнiң негiзгi көрсеткiшi.
8. MSCI World Index excluding Energy индексi - Morgan Stanley Capital International компаниясынан тұратын энергетикалық сектор компаниясынан басқа, әлем елдерi компанияларының акцияларынан тұратын индекс. Индекстегi бағалы қағаздар құрамы рыноктық капиталдандыру және өтiмділік негiзiнде тоқсан сайын жаңартылып отырады. Кiрiстiлiк пен тәуекел көрсеткiштерi күн сайын есептеледi.
9. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексі - өтеу мерзімі алты айға дейінгі АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын Merrill Lynch компаниясының индексі. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.
Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2002 жылғы 24 қазандағы N 426
қаулысымен
.
10. Cіtіgroup World Government Bond ex Japan Index 50 пайыз USD hedged (90 пайыз) плюс Cіtіgroup World Government Bond Japan Index 50 пайыз USD hedged (10 пайыз) (бұдан әрі - customіzed Cіtіgroup WGB Index 50% USD hedged) индексі - Жапонияны қоспағанда, дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының 90 пайызынан және Жапонияның бір жылдан астам өтеу мерзімімен, АҚШ долларына қарсы 50 пайызға хеджирленген мемлекеттік облигацияларының 10 пайызынан тұратын Cіtіgroup компаниясының индексі. Осы индексте эталондық бөлуге оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Индекстегі бағалы қағаздардың құрамы нарықтық капиталдандыру негізінде ай сайын өзгеріп отырады. Кірістілік пен тәуекелдің көрсеткіштері күн сайын есептеліп отырады.
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
10-1. Lehman Global Aggregate (LGA) индексі - мемлекеттік, агенттік, корпоративтік бағалы қағаздардан, сондай-ақ активтер кепілімен бағалы қағаздар мен жылжымайтын мүлік кепілімен бағалы қағаздардан тұратын Lehman Brothers компаниясының индексі.
Ескерту: 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
11. Кредиттiк рейтинг - кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар эмитенттерiне Standard & Poors және Moody's кредиттiк рейтинг агенттiктерi беретiн қаржы құралдары бойынша кредиттiк тәуекел деңгейiнiң көрсеткiшi (кредиттiк тәуекелдiң өсуiне қарай кестеге орналастырылады):
____________________________________________________________________
Standard & Poors Мооdу's
____________________________________________________________________
Ұзақ мерзiмдiк кредиттiк рейтингтер
ААА Ааа
АА+ Аа1
АА Аа2
АА- Аа3
А+ А1
А А2
А- А3
ВВВ Ваа
Қысқа мерзiмдi кредиттік рейтингтер
А-1+ Р-1
А-1 Р-2
А-2 Р-3
____________________________________________________________________
Ескерту: 11-тармақтың кестесі толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
12. Портфельдi пассивтiк (индекстiк) басқару - бұл портфель кiрiстiлiгi ауытқуының (tracking еrrоr) өзгермелi мәнi 0.5%-тен аспайтын жағдайдағы басқару түрі.
13. Өкiлеттi өкiл - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен белгiленетiн арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi), оның өкiлеттiгiне Ұлттық Банктiң атынан Қорды сенiмдi басқару бойынша жедел шешiм қабылдау кiредi.
15. Жинақ портфелi - мақсаты ұзақ мерзiмдi перспективадағы активтердiң кiрiстілігiн көбейту болып табылатын портфель. Жинақ портфелiне түсетiн барлық түсiмдер және жинақ портфелiндегi трансферттер тұрақтандыру портфелi арқылы жүзеге асырылады.
16. Тұрақтандыру портфелi - мақсаты қысқа мерзiмдi перспективадағы активтердiң өтiмдiлігін қамтамасыз ету және кiрiстілігiн көбейту болып табылатын портфель.
17. Құрылымдық өнiм - әр түрлi қаржы құралдарының қосылуы болып табылатын активтер мен мiндеттемелердiң әдiсi. Құрылымдық өнiмдi сатып алуға арналған шарт осы өнiмнің эмитентiмен - компаниямен жасалады.
18. Жинақ портфелiнiң активтерiн тактикалық бөлу (tactical asset allocation) - кiрiсi шектелген акциялар мен бағалы қағаздар үлесiнiң туынды қаржы құралдарын сатып алу және сату арқылы өзгеруi. Жинақ портфелiнің активтерi эталон портфелiмен салыстыру бойынша портфельдің кiрiстілігiн көтеру мақсатында тактикамен бөлiнедi.
19. Портфельдi валютаға қарсы хеджирлеу - осы валютаның айырбас бағамының өзгерiстерiнен түскен портфельдiң рыноктық құнының тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету.
20. Активтерге кепiлге берiлген бағалы қағаздар (ABS) - эмитент кепiлдiк берген жылжымайтын мүлiктi қоспағанда, активтер сатып алу үшiн заемдарға кепiлдiкке берiлген борыштық мiндеттемелер.
21. Жылжымайтын мүлiкке кепiлге берiлген бағалы қағаздар (MBS) - эмитент кепiлдiк берген жылжымайтын мүлiктi сатып алу үшiн заемдарға кепiлдiкке берiлген борыштық мiндеттемелер.
22. Эталон портфелi - құрамы инвестордың мүддесiмен белгiленетiн бағалы қағаздар жиынтығы. Эталон портфелiнiң кiрiстiлiгi активтердiң басқару кiрiстiлігін бағалау кезiндегi шара болып табылады. Эталон портфелi ретiнде әлемдiк жетекшi қаржы компаниялары әзiрлеген және тексерген индекстер қолданылады.
24. Тұрақтандыру портфелінің рыноктық құны Қордың барлық активтерiнiң рыноктық құнының 600 млн. АҚШ долларынан аспайтын болуы тиiс.
Ескерту: 24-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
25. Егер күнтiзбелiк тоқсанның соңғы күнiнде тұрақтандыру портфелiнiң рыноктық құны осы Ереженiң 24-тармағында белгiленген шектеудi қанағаттандырмайтын болса, Қор активтерiнiң бiр бөлiгi келесi тоқсанның басынан бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде жинақ портфелiнен тұрақтандыру портфелiне берiледi.
26. Қор активтерiн түрлерi және көлемi бойынша тұрақтандыру портфелiнен жинақ портфелiне аудару немесе керiсiнше осы Ереже шеңберiнде Өкiлеттi өкiлдiң тапсырмасы бойынша ғана жүзеге асырылады.
27. Қордың тұрақтандыру және жинақ портфельдерiнің активтерiн басқарудың кiрiстiлiгiн бағалау мақсатына арналған базалық валютасы АҚШ доллары болып саналады.
28. Қор активтерi инвестицияланатын қаржы құралдары мемлекеттiк және агенттiк бағалы қағаздармен, Халықаралық Қаржы Ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарымен, корпоративтiк бағалы қағаздармен, жылжымайтын мүлiкке кепiлге берiлген бағалы қағаздармен (MBS) және активтермен (АВS), акциялармен, репо және керi репо операцияларымен, депозиттермен (салымдармен), кепiлге берiлген қарызға бағалы қағаздар (securities lending) берумен, стандартты туынды қаржы құралдарымен, құрылымдық өнiмдермен, жинақ және тұрақтандыру портфелiне кiретiн елдердiң валюталарын сатып алумен және сатумен шектеледi. Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздардың тұрақтандыру портфелiн және жинақ портфелiн сенiмгерлiк басқару кезiнде активтi де пассивтi де басқару қолданылуы мүмкiн.
29. Репо және кері репо операцияларын А1+ төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері бар - Standrd & Poor's/P1 - Moody's және АA- төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бар - Standard & Poor's/Aa- - Moody's қарсы әріптестер жүзеге асыруға тиіс. Кері репо операциялары үшін қамтамасыз ету ең төменгі кредиттік рейтингі ААА, нарықтық құны операция сомасының 100% кем болмайтын бағалы қағаздар болуы тиіс.
Ескерту: 29-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
30. Депозиттер (салымдар) А1+ - Standard & Рооrs\Р1 - Moody's - төмен болмайтын қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар және АА- - Standard & Рооrs\Аа3 - Moody's - төмен болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингi бар банктерге ғана орналастырылады. Барлық депозиттердiң (салымдардың) үлесi Қордың 5%-нен аспауы тиiс. Депозиттердiң (салымдардың) ең кеп мерзiмi - 1 ай.
32. "Төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша мәмілелер қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында олардың кредиттік рейтингтеріне шектеу қоймастан активтерді бірдей уақытта жеткізген кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту: 32-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
4-тарау. Тұрақтандыру портфелiнiң негiзгi өлшемдерi
33. Тұрақтандыру портфелiнiң мынадай индексi эталон портфелi болып саналады: Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Indех.
Ескерту: 33-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2002 жылғы 24 қазандағы N 426
қаулысымен
.
34. Тұрақтандыру портфелi кредиттiк рейтингi ААА\Ааа болатын елдердiң ақша рыногының өтiмдiлігі жоғары активтерiнен тұрады.
35. Тұрақтандыру портфелiнің кем дегенде 50%-i ААА\Ааа болатын елдердiң, агенттiктердiң, ХҚҰ-ның мемлекеттiк бағалы қағаздарынан тұрады.
36. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322 қаулысымен .
37. Тұрақтандыру портфелiндегi корпоративтiк бағалы қағаздар және кепiлге берiлген активтердiң эмитенттерінің А1+ - Standard & Рооrs\Р1 - Moody's - төмен болмайтын қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингi және AA - Stаndаrd&Рооrs\Аа3 Moody's - төмен болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингi болуы тиiс.
38. Екiншi деңгейдегi банктердiң депозитiне (салымына) тұрақтандыру портфелiнiң ең көп дегенде 10% орналастырылуы тиiс. Осы банктердiң қысқа мерзiмдi рейтингi А1+ - Standard & Рооrs\Р1 - Moody's - төмен болмайтын қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингiнен және АА - Stаndаrd&Рооrs\Аа3 - Moody's - төмен болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингiнен төмен болмауы тиiс.
39. Тұрақтандыру портфелi активтерiнiң ең көбi 10%-i мемлекеттiк, агенттiк бағалы қағаздарды және ХВҚ-ның бағалы қағаздарын қоспағанда бағалы қағаздарға инвестициялануы және/немесе бiр эмитенттің депозиттерiне (салымдарына) орналастырылуы мүмкiн.
40. Бағалы қағазды өтеудiң ең жоғары мерзiмi 10 жылдан аспауы тиiс.
Ескерту: 40-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
41. Тұрақтандыру портфелiнiң дюрациясы 1 көрсеткiшiнен аспауы тиiс.
Ескерту: 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
42-1. Валюталық бөлу бөлінісінде тұрақтандыру портфелінің ең көп дегенде 30 процент активтері customized SWGB Index 60% USD hedged индексіне енетін елдердің АҚШ долларынан өзгеше валюталарына деноминацияланған активтерге инвестициялануы мүмкін.
Ескерту: 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
44. Жинақ портфелi құрамындағы кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелi мен акциялар портфелiнiң рыноктық құнының жол берiлетiн ауытқушылықтары мынадай: ____________________________________________________________________
Эталон Ең аз Ең көп
____________________________________________________________________
Кiрiсi белгiленген бағалы
қағаздар портфелi 75% 65% 85%
Акциялар портфелі 25% 15% 35%
____________________________________________________________________
Ескерту: 44-тармақтың кестесі өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2002 жылғы 24 қазандағы N 426
қаулысымен
.
45. Жинақ портфеліне арналған эталондық портфель болып:
1) customіzed Cіtіgroup WGB Index 50 пайыз USD hedged 75 пайызынан және
2) MSCI World Index excludіng Energy 25 пайызынан тұратын индекс саналады.
Осы индексте эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі.
Ескерту: 45-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
46. Жинақ портфелi кiрiстiлігінiң эталон портфелi кiрiстiлiгiнен ауытқу өзгермелiлiгi (tracking еrrоr) 2.0%-тен аспауы тиiс.
2. Жинақ портфелiнiң кiрiсi белгiленген
бағалы қағаздар портфелiнiң өлшемдерi
47. Жинақ портфелінің белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар портфелі үшін customized SWGB Index 60% USD hedged индексі эталондық портфель болып саналады.
Ескерту: 47-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
48. Инвестициялар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарын қоспағанда, customized SWGB Index 60% USD hedged және LGA индексі эталон портфелiне кiретiн елдерде айналымға түсетiн бағалы қағаздарға ғана рұқсат етiледi.
Ескерту: 48-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
51. Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiнiң секторлық бөлiнуi:
____________________________________________________________________
Ең аз Ең көп
____________________________________________________________________
Мемлекеттiк және агенттiк бағалы қағаздар
және ХВҚ-ның бағалы қағаздары 35% 100%
Корпоративтiк бағалы қағаздар және
жылжымайтын мүлiк немесе активтер
кепiлге берiлген бағалы қағаздар 0% 30%
Оның iшiнде жылжымайтын мүлiк немесе
активтер кепiлге берiлген бағалы қағаздар 0% 20%
____________________________________________________________________
52. Бағалы қағаздың корпоративтік эмитентінің ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі - А/А2-ден ВВВ-ға дейін. Ақша рыногы корпоративтік бағалы қағаздарының ең төмен қысқа мерзімді кредиттік рейтингі - А2/Р3. Портфельдің ең көп дегенде 2 проценті ВВВ-дан А- -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 4 проценті А- -дан А+ -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 6%-проценті А+ -дан АА- -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 10 проценті АА- -дан жоғары ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Жылжымайтын мүлік (МВS) немесе активтер (АВS) кепілімен бағалы қағаздардың ААА-дан ВВВ -ға дейінгі - Standard & Poor's немесе Ааа-дан Ваа-ға дейінгі Moody's кредиттік рейтингі болуы тиіс.
Ескерту: 52-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
.
53. Портфельдiң кемiнде 5%-i мемлекеттiк бағалы қағаздарды, агенттiктердiң және ХВҚ-ның бағалы қағаздарын қоспағанда бiр эмитенттiң бағалы қағаздарына және портфельдiң кемiнде 2%-i жеке эмиссияға инвестициялануы мүмкiн. Бағалы қағаздардың бiр эмиссиясының 5%-нен астамын иеленуге рұқсат етiлмейдi.
3. Жинақ портфелiнiң акциялар портфелiнiң өлшемдерi
54. Жинақ портфелiнiң акциялар портфелi үшiн МSСI World Index excluding Energy индексi эталон портфелi болып саналады.
55. Жинақ портфелiнiң акциялар портфелiнің (бұдан әрi - акциялар портфелi) активтерi акциялар портфелiнiң эталон портфелiне енгiзiлген жай және артықшылық берiлген акцияларына ғана инвестициялануы мүмкiн.
56. Акциялар портфелiнің кемiнде 80%-iн инвестициялау Қор активтерiн сыртқы басқарушылардың көмегiмен жүзеге асырылуы тиiс.
57. Активтік басқарудағы акциялар портфелінің үлесі акциялар портфелінің 50 пайызынан аспауға тиіс.
Ескерту: 57-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
6-тарау. Сыртқы басқарушыларды таңдау
кезiндегi шектеулер
59. Сыртқы басқарушыларды таңдаудағы негiзгi өлшемдер басқарудағы клиенттер активтерiнiң мөлшерi, жұмыс тәжiрибесi, портфельдiк менеджерлер мен талдаушылардың кәсiбилігі, кадрлардың ең аз тұрақтамауы, аймақтарда портфельдiк басқарушылардың және талдаушылардың болуы, тұрақты қаржы жағдайы, басқару процесiн автоматтандырудың жоғары деңгейi, тәуекелдердi басқарудың сенiмдi жүйесiнің болуы, тұрақты тарихы және Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықтың оң тәжiрибесi болып табылады.
60. Сыртқы басқарушы мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) басқаруында клиенттердiң баламасы 50 миллиард АҚШ долларынан кем емес жиынтық активтерi, оның iшiнде Қор активтерiн инвестициялау болжанып отырған - баламасы 1 миллиард АҚШ долларынан кем емес қаржы құралдарының болуы;
2) әрбiр шарт бойынша ең төменгi мөлшерi 100 миллион АҚШ долларына балама активтерi бар кем дегенде әр түрлi үш клиенттiң үш шарты иелігінде болуы;
3) кем дегенде 5 жыл Қор активтерiн инвестициялау болжанып отырған қаржы құралдарымен жұмыс тәжiрибесi және оның осы кезең iшiнде басқаруының оң нәтижелерi болуы тиiс.
Ескерту: 60-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2002 жылғы 24 қазандағы N 426
қаулысымен
.
61. Сыртқы басқарушы күн сайын Ұлттық Банкке және кастодианға есеп берiп отырған күнгi Нью-Йорк уақыты бойынша 20:00-ге дейiн жасалған мәмiлелер туралы толық ақпарат бередi.
62. Қордың бiр сыртқы басқарушыға беретiн активтерiнiң рыноктық құны 500 миллион АҚШ долларынан аспауы тиiс.
Ескерту: 62-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
,
2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
63. Ұлттық Банк сыртқы басқарушыны хабардар еткеннен кейiн сыртқы басқарушымен жасасқан шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға немесе сыртқы басқарудағы активтердiң бiр бөлiгiн алуға құқылы. Бұл сыртқы басқарушымен жасасқан шартта көзделген болуы тиiс.
65. Бiр кастодианның сақтауында ең төменгi сомасы 1 триллион АҚШ долларына балама болатын клиенттердiң активi болуы тиiс.
66. Кастодиан Ұлттық Банкке нақты уақыт режимiндегi активтер мониторингiне арналған жүйенi және осы Ережемен Қор активтерi көрсеткіштерiнiң сәйкестiгін тексерудi ұсынады.
67. Қордың бiр кастодианға беретiн активтерiнiң рыноктық құны баламасы 8 миллиард долларынан аспауы тиiс.
Ескерту: 67-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322
қаулысымен
,
2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
68. Ұлттық Банктiң есепшотындағы Қор ақшасының мөлшерi бiр кастодианда баламасы 50 миллион АҚШ долларынан аспауы тиiс. Осы шектен асқан жағдайда, осы тәртiп бұзушылық 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде жойылуы тиiс.
70. АА-\Аа3-тен кем емес кредиттiк рейтингi бар компаниялар құрылымдық өнiмдердiң эмитенттерi бола алады.
71. Егер құрылық өнiмнің рыноктық құнын бағалауға мүмкiндiк бар болған жағдайда немесе эмитент құрылымдық өнiмнiң рыноктық құнын бағалау моделiн берген жағдайда құрылымдық өнiмдi сатып алуға рұқсат етiледi.
Құрылымдық өнiмнiң эмитентi соңғы 2 жылдағы құрылымдық өнiмнiң рыноктық құны жөнiндегi күнделiктi деректердi беруге мiндеттi.
72. Егер осы өнiмдi эмитентке кез-келген уақытта рыноктық құны бойынша сатуға мүмкiндiк болған жағдайда, құрылымдық өнiмдi сатып алуға рұқсат берiледi.
73. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ұлттық Банктiң Басқармасы бекiткен Қордың сенiмдi басқаруымен жүзеге асырылған инвестициялық операциялардың нәтижесi жөнiндегi мына есептердi кезең-кезеңмен берiп отырады:
Тоқсан сайын:
N 1 қосымшаға сай нысандағы "Есеп беру тоқсанының аяғындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыныптар және валюта түрлерi бойынша бөлудi";
N 2 қосымшаға сай нысандағы "Есеп беру тоқсанының аяғындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры портфелiнiң құрамын";
N 3 қосымшаға сай нысан бойынша есеп беру кезеңiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiмен жасалған мәмiлелер жөнiндегi есептi;
N 4 қосымшаға сай нысандағы "Есеп беру кезеңiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелiн басқару нәтижелерiне талдау жасауды".
Жыл сайын:
1) тиiстi рыноктар жағдайы бойынша жазбаша есептi және олардың портфельге әсерiн, экономикалық шолуды;
2) стратегияға шолуды және портфель құрылымындағы ең маңызды өзгерiстерге түсiндiрменi, инвестициялаудың ағымдағы стратегиясын ұсынады.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсе отырып басқа есептердi және Қорды сенiмдi басқару кезiнде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру нәтижелерi жөніндегі есепке түсіндірмелер ұсынады.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 237 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесiне N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сыныптар және валюта түрлерi бойынша бөлу
_____________________
(күні)
____________________________________________________________________
Тұрақтандыру портфелі| Жинақ портфелі
_________________________________________________|__________________
АҚШ долларында| % |АҚШ долларында | %
рыноктық құны | |рыноктық құны | ____________________________________________________________________
Акциялар - 0,00
USD
EUR
GBP
....
____________________________________________________________________
Акциялардың барлығы - 0,00
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Облигациялар
МБҚ
USD
EUR
GBP
...
____________________________________________________________________
МБҚ барлығы
____________________________________________________________________
ХҚҰ
USD
EUR
GBP
...
ХҚҰ барлығы
____________________________________________________________________
Агенттiк
USD
EUR
GBP
...
Агенттiктiң барлығы
____________________________________________________________________
Корпоративтiк облигациялар
USD
EUR
GBP
...
Корпоративтің барлығы
____________________________________________________________________
MBS ABS
USD
EUR
GBP
...
МВS, АВS барлығы
____________________________________________________________________
Облигациялардың барлығы
Туынды
USD
EUR
GBP
...
Туындының барлығы
____________________________________________________________________
Құрылымдық өнiмдер - 0,00
USD
EUR
GBP
...
Құрылымдық өнiмдердiң - 0,00
барлығы
____________________________________________________________________
Ақша және оның баламасы
Ақша
USD
EUR
GBP
...
Ақшаның барлығы
____________________________________________________________________
Басқа қысқа мерзiмдi активтер
USD
EUR
GBP
...
Басқа қысқа мерзiмдi
активтердiң барлығы
____________________________________________________________________
Ақшаның және оның
баламасының барлығы
___________________________________________________________________
Барлығы
____________________________________________________________________
Өкiлеттi өкiл
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 237 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесiне N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры портфелiнiң құрамы
_____________
(күнi)
____________________________________________________________________
Құралдың түрі АҚШ долларында рыноктық құны
____________________________________________________________________
І. Тұрақтандыру портфелі
АҚШ-тың МБҚ
Германияның МБҚ
Депозиттер
Репо
...
Тұрақтандыру портфелi бойынша жиынтығы
II. Жинақ портфелі
1. Кірісі белгіленген БҚ
АҚШ
Еуроаймақ
Ұлыбритания
...
2. Акциялар
АҚШ
Еуроаймақ
Ұлыбритания
...
3. Туынды құралдар
4. Құрылымдық өнiмдер
Жинақ портфелі бойынша жиынтығы
ЖИЫНТЫҒЫ:
____________________________________________________________________
Өкілетті өкіл
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 237 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесiне N 3 қосымша
_______ бастап _______ дейінгі кезеңде
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiмен жасалған
мәмiлелер жөнiндегі есеп
____________________________________________________________________
Тұрақтандыру портфелі| Жинақ портфелі
_______________________________________________|__________________
АҚШ долларында | АҚШ долларында
транзакциялар сомасы |транзакциялар сомасы
____________________________________________________________________
Валюталар бойынша пайда/шығын
Валюта
Валютаның бағамын жоғарылату
Валюта бойынша барлығы
Валюталар бойынша
пайда/шығынның барлығы
Сатып алынғандар
Акциялар
Акциялардың барлығы
Облигациялар
МБҚ
ХҚҰ
Агенттiк
Корпоративтiк облигациялар
МВS, ABS
Облигациялардың барлығы
Туынды
Туындының барлығы
Құрылымдық өнімдер
Құрылымдық өнiмдердiң барлығы
Валюта
Валютаның барлығы
Сатып алынғандардың барлығы
Сатылғандар
Акциялар
Акциялардың барлығы
Облигациялар
МБҚ
ХҚҰ
Агенттiк
Корпоративтiк облигациялар
МВS, ABS
Облигациялардың барлығы
Туынды
Туындының барлығы
Құрылымдық өнімдер
Құрылымдық өнiмдердiң барлығы
Валюта
Валютаның барлығы
Сатылғандардың барлығы
Депозиттер
Орналастырылған депозиттер
Депозиттердің барлығы
Репо
Тiкелей репо
Кері репо
Репо барлығы
Барлығы
____________________________________________________________________
Өкiлеттi өкiл
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 маусымдағы
N 237 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесiне N 4 қосымша
_______ бастап _______ дейінгі кезеңде
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелiн басқару
нәтижелерiне талдау жасау
Жинақ портфелiнiң эталон портфелi:
Тұрақтандыру портфелiнің эталон портфелi:
____________________________________________________________________
| АҚШ |АҚШ долларында| Дюрациясы | Tracking
|долла.| кiрiстілігі | | error
|рында |______________|___________|__________
|рынок.| |Эталон | |Эталон| |Эта.
| тық | Порт.|порт. |Порт|порт. |Порт.|лон
| құны | фелі |фелі |фелі|фелі |фелі |порт.
| | | | | | |фелі
____________________________________________________________________
І Тұрақтандыру портфелі
ІІ Жинақ портфелі
1. Кiрісi белгiлен.
ген БҚ
АҚШ
Еуроаймақ
Ұлыбритания
...
2. Акциялар
АҚШ
Еуроаймақ
Ұлыбритания
...
Жиынтығы
____________________________________________________________________
Өкілетті өкіл