Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2004 № 1122 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Yкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Ғалым Iзбасарұлы Оразбақовқа грузин тарабымен келiссөздер жүргiзуге және уағдаластыққа қол жетiсiмен, қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан көрсетiлген хаттаманы жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Yкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Yкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Yкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер енгiзу туралы келiстi:
1. 2-баптың 1-тармағында "жыл сайын" деген сөздер алынып тасталсын.
2. 2-баптың 2-тармағында "жыл сайын" деген сөздер алынып тасталсын.
3. 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн және оның күшiнде болатын кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумағынан шыққан тауарлар деп Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Yкiметтерi басшылары кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген "Тауарлар шыққан
елдердi айқындау ережесiмен" шығу тегi айқындалған тауарлар түсiнiледi".
Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Хаттаманың күшiне енген күнiнен бастап Келiсiмнiң Еркiн сауда режимiнен алулар туралы хаттамасының қолданысы тоқтатылады.
_________ қаласында 2002 жылғы _______ әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, мұның өзiнде барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
Қазақстан Республикасының Грузия
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн