Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға Қазақстан Республикасының Үкіметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Yкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 қазандағы N 1142 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметi
арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы
келісімге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметiнiң арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы келiстi:
1. Келiсiмнiң 2-бабында:
1-тармақта:
"жыл сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
"Хаттамамен" деген сөздiң алдынан "осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын көрсетiлген Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алуларды қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы еркiн сауда режимiнен алуларды кезең-кезеңімен жою кестесiне сәйкес жоюға келiсті.";
2-тармақ алынып тасталсын;
мынадай редакцияда жаза отырып, 3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн:
"2. Осы Келісімнің мақсаттары үшiн және оны қолдану кезеңiндегі Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағынан шығатын тауарлар деп, шығарылуы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнiң басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтілген Тауарларды шығаратын елдерді айқындау ережесiне сәйкес айқындалған тауарлар ұғынылады.".
2. Келiсiм осы Хаттаманың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Тараптардың оның күшiне енуiне қажетті мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
2004 "____" _______________ __________________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде жасалған, әрi барлық мәтiндердiң, бiрдей күшi бар.
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру барысында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгінетiн болады.
Қазақстан Республикасының Грузия
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы
1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда
туралы келiсiмге өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға
қосымша
"Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы
1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда
туралы келiсiмге
қосымша
Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы еркін
сауда режимiнен алуларды кезең-кезеңімен жою кестесi
__________________________________________________________________
СЭҚ ТН коды| Тауар атауы | Алуларды жою
| | мерзiмi
___________|_______________________________________|______________
2203 Уытты сыралар: 2005 жылғы
1 сәуiр
2205 Өсімдiк немесе хош иiсті заттар 2005 жылғы
қосылған вермуттар мен өзге де 1 сәуiр
жүзiмнен жасалған табиғи шараптар
2206 Өзге ашытылған сусындар (алма 2005 жылғы
сидрі, перри /алмұрт сидрi/, бал 1 сәуiр
сусыны); ашытылған сусындардан
жасалған қоспалар мен басқа жерде
аталмаған ашытылған сусын қоспалары
мен алкогольсiз сусындар
2207 Көлемi 80% немесе одан да көп 2006 жылғы
спирт қоспасы бар 1 қаңтар
денатураландырылмаған этил спирті;
этил спиртi және өзге
денатураландырылған, кез келген
қоспадағы спирттер
24 Темекi және темекiнi өнеркәсiптiк 2005 жылғы
алмастырғыштар 1 сәуiр
1701 99 100 Ақ қант 2005 жылғы
1 сәуiр
_________________________________________________________________ "