Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы
7 ақпандағы N 801 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 37-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
5-тармақта:
3) тармақшаның бiрiншi абзацындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақшаның үшiншi абзацындағы "бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру нәтижелерi туралы Қаржы министрлiгiнiң ақпараты негiзiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
17-тармақтағы "Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті