Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2016 № 476 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 97-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың бірінші абзацындағы "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздерден кейін ", шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "қажеттілігіне қарай" деген сөздерден кейін "тоқсанына кемінде бір рет" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді.
5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әлеуметтік-мәдени даму
бөлімінің меңгерушісі
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі Мәдениет комитетінің
төрағасы, хатшы
Ерғалиева - Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының
Райхан Әбдешқызы кафедра меңгерушісі, өнертану
докторы (келісім бойынша);
мынадай жол:
"Есдәулет - Қазақстан Республикасы
Ұлықбек Оразбайұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әлеуметтік-мәдени даму
бөлімінің сектор меңгерушісі"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Есдәулет - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұлықбек Оразбайұлы бас редакторы";
көрсетілген Комиссияның құрамынан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Тілеухан Бекболат Қанайұлы, Барманқұлова Баян Кәрібайқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі