Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 қараша N 1235. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 476 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2016 № 476 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 97-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      3-тармақтың бірінші абзацындағы "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздерден кейін ", шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "қажеттілігіне қарай" деген сөздерден кейін "тоқсанына кемінде бір рет" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді.
      5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
      5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Мұхаметжанов           - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлімұлы         Премьер-Министрінің орынбасары,
                         төраға

Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы       Премьер-Министрінің Кеңсесі
                         Әлеуметтік-мәдени даму
                         бөлімінің меңгерушісі

Аманшаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы         ақпарат және қоғамдық келісім
                         министрлігі Мәдениет комитетінің
                         төрағасы, хатшы

Ерғалиева              - Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының
Райхан Әбдешқызы         кафедра меңгерушісі, өнертану
                         докторы (келісім бойынша);

      мынадай жол:

"Есдәулет              - Қазақстан Республикасы
Ұлықбек Оразбайұлы       Премьер-Министрінің Кеңсесі
                         Әлеуметтік-мәдени даму
                         бөлімінің сектор меңгерушісі"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Есдәулет              - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұлықбек Оразбайұлы       бас редакторы";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Тілеухан Бекболат Қанайұлы, Барманқұлова Баян Кәрібайқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады