1. "Гранттар тарту және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 286-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Гранттар тарту және пайдалану ережесiнде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бюджеттік жоспарлау және ДРК шеңберiнде өтемсiз көмек тарту процестерi арасындағы өзара қатынастардың сипатына қарай гранттар байланысты және байланыссыз болып бөлiнедi:
1) байланысты грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздейдi;
2) байланыссыз грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi.";
21-тармақтағы "Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.