Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп 2003-2008 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобаларын дайындау кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу мақсатына арналған қаражатты республикалық бюджетке енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1375 қаулысымен
бекiтiлген
2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi
1. Осы Ереже "Лизингтiк негiзде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етудi несиелендiру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 наурыздағы N 289 қаулысына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң көрсетiлген қаулысын iске асыру шеңберiнде жасасылатын кредиттiк келiсiмдерге (бұдан әрi - Кредиттік келiсiмдер) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлетiн, "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңында 085 "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету" деген бюджеттiк бағдарлама бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi (бұдан әрi - Лизинг) бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудiң тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
2. Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу "
2002 жылға
арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы және "
2003 жылға
арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу мақсатына 042 "Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" деген бюджеттiк бағдарлама бойынша көзделген қаражат (бұдан әрi - Қаражат) есебiнен "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1491
қаулысына
сәйкес ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге бағытталған сомалар шегерiле отырып жүргiзiледi. <*>
Ескерту.2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1181
қаулысымен
.
3. "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қарыз алушы банк) Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Әкiмшi) жүргiзедi.
4. Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ретiнде Әкiмшiнiң Қаражат бөлуi үшiн Қарыз алушы банк республикалық бюджеттiң кiрiсiне бiр жолғы немесе бөлiп-бөлiп, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын Қарминнiң сыйақысын Кредиттiк келiсiмдерге сәйкес төлеу сәтiнде игерiлген кредиттердiң бiр бөлiгi бойынша олардың өтелуiн ескере отырып төлеудi қамтамасыз етедi.
5. Әкiмшiнiң Қарыз алушы банкке Қаражат бөлуi республикалық бюджеттен өтеусiз немесе қайтарусыз төлемдер жолымен, республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қарминнiң тиiстi сыйақысын немесе оның бiр бөлiгiн Қарыз алушы банктiң Кредиттiк келiсiмдер бойынша төленгендiгi фактiсiн растайтын құжаттарды Әкiмшiге берген сәттен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде Қарминнiң сыйақысын Қарыз алушы банктiң осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес жүргiзiлетiн төлем сомасына тең көлемiнде жүргiзедi.