Лизингтiк негiзде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етудi несиелендiру ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 наурыз N 289.

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 желтоқсандағы Z010273_ Заңына және "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 P011715_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының

Yкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Лизингтiк негiзде ауылшаруашылық техникасымен 
қамтамасыз етудi несиелендiру ережесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
                                     Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                         2002 жылғы 11 наурыздағы
                                             N 289 қаулысымен
                                                бекiтiлген
     
                    Лизингтiк негiзде ауылшаруашылық
            техникасымен қамтамасыз етудi несиелендiру ережесi
                         1. Жалпы шарттар


      1. Осы Ереже 2002 жылы республикалық бюджеттен 85 "Лизингтiк негiзде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша 1 100 000 000 (бiр миллиард жүз миллион) теңге сомасында несиелер (бұдан әрi - Қаражат) беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      2. Қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен "Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында республикалық бюджеттен берiлген несиелер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен оқшауландырылған сомалар бойынша сыйақы ставкасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 2 қыркүйектегi N 1131 P011131_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қармин) белгiлеген ставка бойынша мерзiмдi, төлем және қайтарым шарттарында 7 (жетi) жыл мерзiмге, Қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуы қамтамасыз етiле отырып, республикалық бюджеттен бөлiнедi. Қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейiннен лизингке беруге жататын ауылшаруашылық техникасын (бұдан әрi - Техника) сатып алу және 2002 жылы Техниканы сатып алуға жұмсалған ақшаны өтеу мақсаттары үшiн, сондай-ақ Техниканы сатып алуға байланысты шығындарды өтеу және Техниканы лизингке беру кезiнде бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салықты төлеу үшiн бөлiнедi.
      3. Қаражат бөлу заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын лизингтiк негiзде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етудi несиелендiру үшiн айқындалған екiншi деңгейдегi банктi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымды (бұдан әрi - Қарыз алушы) несиелендiру жолымен жүргiзiледi. (РҚАО-ның ескертуі: ( P951851_ қаулысын қараңыз).
      4. Қаражат бөлу үшiн Қармин Қарыз алушымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi) бiрлесiп қарыз алу шартын (бұдан әрi - Несие келiсiмi) жасасады, онда осы ережеге сәйкес республикалық бюджеттен Қаражат бөлу тәртiбi, Қаражатты республикалық бюджетке қайтару тәртiбi мен мерзiмдерi, Қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету амалдары және өзге де шарттар анықталады.
      5. Қарыз алушы Қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен оның республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етедi.

                 2. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау

      6. Кейiннен Қарыз алушыға жолдау үшiн бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне республикалық бюджеттен қаражат бөлу Несие келiсiмiне сәйкес белгiленген тәртiпте мынадай құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады:
      1) кейiннен лизингке беруге жататын ауылшаруашылық Техникасын сатып алу және 2002 жылы Техниканы сатып алуға жұмсалған ақшаны өтеу мақсаттарына Қаражат бөлу кезiнде - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң Техника жеткiзiп беруге келiсiм-шарттарының көшiрмесiн қоса тiркеген тапсырысы;
      2) Техниканы сатып алуға байланысты шығындарды өтеу мақсатына Қаражат бөлу кезiнде - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң Қарыз алушының Техниканы сатып алуына байланысты жүзеге асырған шығындарын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса тiркелген тапсырысы;
      3) Техниканы лизингке беру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салықты төлеу мақсатында Қаражат бөлу кезiнде - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң тапсырысы.
      7. Қарыз алушы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-i күнiнен

кешiктiрмей бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мен Қарминге Қаражаттың 
пайдаланылуы туралы есеп бередi.
     8. Қаражаттың игерiлуiн, мақсатты пайдаланылуын, республикалық 
бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды Қармин жүзеге асырады.
     9. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушы сатып алатын 
Техниканың номенклатурасы мен көлемiн бекiтедi және Қарыз алушының лизинг 
бойынша сыйақысының мөлшерiне және лизинг мерзiмдерiне келiсудi жүргiзедi.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
          
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады