Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 P020143_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 17-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:
5-бағанда:
"304" деген сан "577" деген санмен ауыстырылсын;
"жаңа туған нәрестелер," деген сөздерден кейін "273 мың адам - 5
жастағы және медициналық айғақтар бойынша бұрын егілмеген балалар," деген
сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
4-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен
толықтырылсын;
5-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен
толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары"
6-тармағында:
5-бағанда "УЗИ - 1 бірлік" деген сөздерден кейін ", стационарлық
пленкалы флюорограф - 2 бірлік, портативті УЗИ - 3 бірлік" деген сөздермен
толықтырылсын;
7-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен
толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
5-тармақта "міндеті:" деген сөзден кейін "жобалау алдындағы құжаттаманы дайындау," деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:
5-бағанда:
"Денсаулық сақтау" деген сөздердің алдынан "Жобалау алдындағы
құжаттаманы әзірлеу," деген сөздермен толықтырылсын;
"жөндеуден" деген сөзден кейін "және қайта жаңартудан" деген
сөздермен толықтырылсын;
"14" деген сан "16" деген санмен ауыстырылсын;
"госпиталь" деген сөзден кейін ", Травматология және ортопедия ҒЗИ,
Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана." деген сөздермен
толықтырылсын;
7-тармақта: "жөндеу" деген сөзден кейін "және қайта жаңарту" деген
сөздермен толықтырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.