Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 тамыз N 143б

      Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 P020143_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 17-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:
      5-бағанда:
      "304" деген сан "577" деген санмен ауыстырылсын;
      "жаңа туған нәрестелер," деген сөздерден кейін "273 мың адам - 5

 

жастағы және медициналық айғақтар бойынша бұрын егілмеген балалар," деген

сөздермен толықтырылсын;

     көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:

     4-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен

толықтырылсын;

     5-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен

толықтырылсын;

     "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары"

6-тармағында:

     5-бағанда "УЗИ - 1 бірлік" деген сөздерден кейін ", стационарлық

пленкалы флюорограф - 2 бірлік, портативті УЗИ - 3 бірлік" деген сөздермен

толықтырылсын;

     7-тармақта "Аудандық" деген сөзден кейін ", қалалық" деген сөзбен

толықтырылсын;

     көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:


 
       5-тармақта "міндеті:" деген сөзден кейін "жобалау алдындағы құжаттаманы дайындау," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" 6-тармағында:
      5-бағанда:
      "Денсаулық сақтау" деген сөздердің алдынан "Жобалау алдындағы

 

құжаттаманы әзірлеу," деген сөздермен толықтырылсын;

     "жөндеуден" деген сөзден кейін "және қайта жаңартудан" деген

сөздермен толықтырылсын;

     "14" деген сан "16" деген санмен ауыстырылсын;

     "госпиталь" деген сөзден кейін ", Травматология және ортопедия ҒЗИ,

Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана." деген сөздермен 

толықтырылсын;

     7-тармақта: "жөндеу" деген сөзден кейін "және қайта жаңарту" деген

сөздермен толықтырылсын;

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады