Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 6 ақпандағы N 172 P020172_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтағы "1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7" деген сандар "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8" деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 6-қосымшада:
5-тармақтағы "(сейфтермен)" деген сөзден кейiн "ризографтармен, көшiрме аппараттарымен, шағын АТС-тармен" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың кестесiндегi "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру шаралары" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот мәжiлiсi залдарына 474 құрылымдық жиhаз (судьяларға арналған стол, айыптаушы жақ өкiлдерiне арналған стол, қорғаушы жақ өкiлдерiне арналған стол, сот мәжiлiсi хатшысының столы, сөйлеушiлерге арналған мiнбе, аудандық соттарға 8 адамға және облыстық соттарға 15 адамға арналған құрылым есебiнен - келушiлерге арналған орындықтар); 2686 құрылым кеңсе жиhазы (судьялар үшiн - жұмыс столы, бұрыштық қосымшасы бар компьютерге арналған стол, қосымша кеңесу столы, қорапты тумба, қағаз шкафы, киiм шкафы; - кеңсе үшiн 4 жазу столы, қағаз шкафы, ашық шкаф, киiм шкафы); 813 дана темiр шкафтар (сейфтер); 15 дана ризографтар (шағын типографиялар); 256 дана көшiрме аппараттарын; 2 дана шағын АТС сатып алу; 96 ғимараттар мен үй-жайларға күрделi жөндеу жасау: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстары және Астана мен Алматы қалалары жалпы көлемi 92 477,2 шаршы метр.";
7-тармақта "(сейфтермен)" деген сөзден кейiн "ризографтармен, көшiрме
аппараттарымен, шағын АТС-тармен" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетiлген қаулыға 7-қосымшада:
6-тармақтың кестесiндегi "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру
шаралары" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: "1306 дана компьютер,
656 дана принтер сатып алу, соның iшiнде Ақмола облысының сот әкiмшiсiне
74 компьютер, 34 принтер; Ақтөбе облысына 65-30; Алматы облысына 98-45;
Атырау облысына 44-20; Шығыс Қазақстан облысына 151-70; Жамбыл облысына
67-31; Батыс Қазақстан облысына 56-26; Қарағанды облысына 148-91;
Қызылорда облысына 41-19; Қостанай облысына 94-43; Маңғыстау облысына
40-19; Павлодар облысына 75-35; Солтүстiк Қазақстан облысына 73-33;
Оңтүстiк Қазақстан облысына 88-41; Алматы қаласына 128-79; Астана қаласына
44-20; Сот әкiмшiлiгі жөнiндегi комитетке 20-20.";
4) осы қаулының қосымшасына сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 10 қазандағы N 172б
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 06 ақпандағы N 172
қаулысына 8-қосымша
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2002 жылға арналған 500-ші "Қазақстан Республикасының сот жүйесi
органдарын бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау
жүйесiмен қамту" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15000 мың теңге (он бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Z000132_ заңының 25-бабы; 56-бабының 4-тармағы; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Z980253_ Заңының 88-бабы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Z020321_ Заңы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 U000440_ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшілігінің жаңа жүйесiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 U000471_ Жарлығы.
3. Қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттің қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот төрелiгiн жүзеге асыруды және сот шешімдерiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологияларды пайдалана отырып Қазақстан Республикасының сот жүйесi органдары мен оның құрамдас бөлiмдерiнiң жұмыс iстеу қабiлетiн қамтамасыз ету және бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сот құжаттарын жинау мен ресiмдеудiң сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы сот шешімдерінің Бiрыңғай мәліметтер базасын қолдау, судьялар мен аппарат қызметкерлерiнiң қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану практикасы бойынша көкейкесті әрі
дәл ақпараттың ауқымды көлеміне жедел қол жеткізу сапасын арттыру, құжат
айналымын және iс жүргiзудi, соттардың Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сотымен, Сот әкiмшілiгi жөнiндегi комитетпен және басқа да мемлекеттiк
билiк органдарымен өзара ақпараттық iс-қимылы жөнiндегi мiндеттердi қамту.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N !Бағдар.!Кiшi бағдар.! Бағдарламалардың !Бағдарламаларды!Iске !Жауапты
!ламаның!ламаның коды! (кiшi бағдарлама.!(кіші бағдарла.!асыру !орын.
!коды ! ! лардың) атауы !маларды) iске !мерзім.!даушы.
! ! ! !асыру жөніндегi!дері !лар
! ! ! !шаралар ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
500 Қазақстан 1. Қазақстан 2002 жыл Қазақ.
Республикасының Республикасы сот бойы стан
сот жүйесi шешiмдерiнiң Респуб.
органдарын Бiрыңғай ликасы.
бiрыңғай мәлiметтер ның Жо.
автоматтандырыл. базасымен қамту: ғарғы
ған ақпараттық- - Жоғарғы Соттың, Соты
талдау облыстық
жүйесiмен қамту соттардың және
экономикалық
соттардың 2002
жылғы шешiмдерiн
(30 000 шешiм)
өңдеу және енгiзу;
- Қазақстан
Республикасы сот
шешімдерiнiң
Бiрыңғай мәлiмет.
тер базасының
Интернет версиясын
қосу және оны
Жоғарғы Соттың
сайтына орналастыру;
- сот шешiмдерiнiң
Бiрыңғай орталық
мәлiметтер базасының
бiрiктiру арқылы
облыстық және
экономикалық
соттармен iске
асырылатын
байланысын (22
соттағы
байланысты
қамтамасыз ету)
қамтамасыз ету
жөнiндегi қызметке
ақы төлеу;
- облыстық және
экономикалық
соттардың
мамандарына
Қазақстан
Республикасы сот
шешімдерiнiң
Бiрыңғай
мәлiметтер
базасымен жұмыс
iстеу дағдысын
үйрету (34 адам
14 күн);
- статистикалық
есептердi құруды
бағдарламалық
қамтамасыз ету.
Пайдаланушылардың
саны 30 адам.
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетін нәтижелер: Бөлiнген
бюджеттiк қаржылар сот шешiмдерiн жинауды және өңдеудi, сот шешiмдерi
мәлiметтерiнiң Бiрыңғай базасымен қамтуды, соттардың сот шешімдерi
мәлiметтерiнiң Бiрыңғай базасына қол жеткiзуiн және сот статистикасын
сапалы әрi дәл жүргiзудi, соттардың Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сотымен, Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитетпен және басқа да мемлекеттiк
билiк органдарымен ақпараттық iс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкiндік береді.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.