Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі N 440 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.09.22 № 1066 Жарлығымен.

      Қазақстанда сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту, сот-құқық реформасының қарқынын жеделдету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан Сот әкімшілігі жөніндегі комитет (бұдан әрі - Жоғарғы Сот жанындағы комитет) құрылсын. U090793
      2. Былай деп белгіленсін:
      1) Жоғарғы Сот жанындағы комитет және оның облыстардағы (Астана мен Алматы қалаларындағы) әкімшілері соттардың қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай уәкілетті орган жүйесін құрайды; Z000132
      2) Жоғарғы Сот жанындағы комитет туралы ережені және оның   құрылымын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
      3) Жоғарғы Сот жанындағы комитеттің төрағасын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Республиканың Жоғары Сот Кеңесі мен Жоғарғы Сотының ұсыныстарын ескере отырып, осы Жарлықтың талаптарын іске асыру жөніндегі шараларды көздейтін заң жобаларын үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында әзірлеп, Республика Парламентіне енгізсін;
      2) Жоғарғы Сот жанындағы комитеттің және оның облыстардағы (Астана мен Алматы қалаларындағы) әкімшілерінің қызметін қаржыландыруды 2000 жылғы республикалық бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етсін және келесі жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобаларында Комитетті қамтуға қажет қаражатты көздейтін болсын; Комитет пен оның әкімшілері үшін үй-жай бөлу мәселесін шешсін;
      3) өз шешімдерін осы Жарлықтың талаптарына сәйкес келтірсін, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Жоғарғы Сот жанындағы комитетке және оның облыстардағы (Астана мен Алматы қалаларындағы) әкімшілеріне Министрлік пен оның аумақтық басқармаларынан соттардың қызметін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын қызметкерлердің санын табыс етуді; 
      2) 2000 жылдың төртінші тоқсанында Әділет біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз ету функцияларын, Әділет біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын қызметкерлердің санын бір мезгілде қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне табыс етуді жүзеге асырсын. Z080079  
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті
      

      Мамандар: Қасымбеков Б.А.
                Қобдалиева Н.М.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады