Базалық лауазымдық айлықақының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 8 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1359 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.21 № 1359 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру және мемлекеттік  мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық лауазымдық айлықақының мөлшері:
      лауазымдық айлықақылар мен әскери атақтар бойынша айлықақыларды, коэффициенттерді қолдана отырып, арнайы атақтар мен сыныптық шендер үшін қосымша ақыларды, сондай-ақ қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары үшін өтемақыларды;
      мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің коэффициенттерді қолдана отырып, лауазымдық айлықақыларын (ставкаларын), сондай-ақ еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақыларын есептеу үшін 5353 теңге деңгейінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об утверждении размера базового должностного оклада

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2003 года № 8. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2011 года № 1359

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.11.2011 № 1359.

      В целях реализации подпункта 1) пункта 4 Указа Президента Республики Казахстан от 25 марта 2001 года N 575 "О единой системе оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета" и совершенствования системы оплаты труда работников государственных учреждений, не являющихся государственными служащими, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Установить с 1 января 2003 года размер базового должностного оклада на уровне 5353 тенге для исчисления:
      должностных окладов и окладов по воинским званиям, доплат за специальные звания и классные чины с применением коэффициентов, а также надбавок за особые условия прохождения службы и компенсаций за вредные и опасные условия труда;
      должностных окладов (ставок) с применением коэффициентов,
а также доплат и надбавок за условия труда работников государственных учреждений, не являющихся государственными служащими.

      2. Настоящее постановление вступает в силу с 1 января 2003 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан