Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы № 123қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 3, 48-құжат);
2) «Базалық лауазымдық айлықақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 8 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 5-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов