Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамаларын бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының
туы мен нышанының сипаттамаларын бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) қаржы полициясы органдары туының;
2) қаржы полициясы органдары нышанының сипаттамалары бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
жоба
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының
туы мен нышанының сипаттамасын бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5 бабының 6-тармағын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Мыналар бекiтiлсiн:
1) Қаржы полициясы органдары туының сипаттамасы (түрлi-түстi және схемалық бейнелер және сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр);
2) Қаржы полициясы органдарының нышанының сипаттамасы (түрлi-түстi және схемалық бейнелер мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
200 жылғы "__" _______
N Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
туының сипаттамасы
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы қара-көгiлдiр түстi тiк бұрышты мата болып табылады.
Тудың ортасында қаржы полициясы органдары нышанының бейнесi орналасқан.
Ту шетінен алтын-сары түстi шашақпен көмкерiлген. Сол жағында туды сабына кигiзуге мүмкіндік беретiн диаметрi 32 мм және ұзындығы 2000 мм тiгiс жасалған. Саптың ұштығы найза түрiнде жасалған, оған шашақтары бар алтын-сары түстi өрiлген бау бекітiлген. Ұштықтың биiктiгi 260 мм, енi 110 мм. Баудың ұзындығы 1300 мм, шашақтардың ұзындығы 200 мм. Тудың енiнiң оның ұзындығына арақатысы - 1:2.
Тудың жекелеген элементтерiмен дәлме-дәл арақатысы қоса берiлiп отырған графикалық бейнеде берiлген.
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
200 жылғы "__" _______
N Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
нышанының сипаттамасы
Қаржы полициясы органдарының нышаны қырлары алтын-сары және ашық-қоңыр түстерге боялған сегiз қырлы жұлдыздың бейнесiн бiлдiреді. Жұлдыздың ортасында секiруге дайын барыс бейнесi салынған дөңгелек қалқан бар. Дөңгелектiң бойында барлық жағынан мемлекеттің мүдделерi қорғауды бiлдiретiн 8 нүкте орналасқан. Қалқан нөмiрi 3125 С көгiлдiр түстi (Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының элементi), қалқандағы нүктелер PANTONE халықаралық түстер атласының нөмiрi 810 С алтын түстi.
Қалқанның сыртынан жағалай қызыл лента орналасқан. Лентада: төменгi жағынан "ҚАЗАҚСТАН", сол жағынан "ҚАРЖЫ", оң жағынан "ПОЛИЦИЯСЫ" деген жазулар орналасқан.
Нышанның жекелеген элементтерiнің дәлме-дәл арақатысы қоса беріліп отырған графикалық бейнеде берiлген.