Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ұялы байланысты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652
қаулысына
мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасына," деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарларына," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарына," деген сөздермен толықтырылсын;
"бюджет тізімдемесіне" деген сөздер "бюджеттің қаржыландыру жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі