Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 қаңтар N 16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.02. N 892 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Ұялы байланысты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына  мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасына," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарларына," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарына," деген сөздермен толықтырылсын;
      "бюджет тізімдемесіне" деген сөздер "бюджеттің қаржыландыру жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады