Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) "Қазагромелиосушар" республикалық мелиорация және су шаруашылығы өндірістік бірлестігі" мекемесі (бұдан әрі - Мекеме);
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазагромелиосушар" республикалық мелиорация және су шаруашылығы өндірістік бірлестігінің "Сары-арқа мелиораторы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме мен Кәсіпорынды таратуды жүзеге асырсын;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі