Мелиоративтік мақсаттағы ұйымдардың жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 16 қаңтар N 22

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) "Қазагромелиосушар" республикалық мелиорация және су шаруашылығы өндірістік бірлестігі" мекемесі (бұдан әрі - Мекеме);
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазагромелиосушар" республикалық мелиорация және су шаруашылығы өндірістік бірлестігінің "Сары-арқа мелиораторы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеме мен Кәсіпорынды таратуды жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады