Төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 51 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 478 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.03 № 478 Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N 1156 қаулысымен.

      "Авариялық құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес және төтенше жағдайларды жою кезiнде авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2003 жылғы 17 қаңтардағы       
N 51 қаулысымен           
бекітілген           

Төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереже

      Осы Ереже табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттігін айқындайды.
      Ескерту. Тақырыбына және кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N 1156 қаулысымен.

      1. Төтенше жағдайды жою басшысы:
      төтенше жағдай аймағында барлау жүргiзудi және жағдайды бағалауды ұйымдастырады, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;
      авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн неғұрлым қауіпті телімдерді, күштер мен құралдардың қажеттi санын, құтқару жұмыстарын жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындайды;
      авариялық-құтқару жұмыстарын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарына сәйкес жүргiзудi ұйымдастырады; <*>
      төтенше жағдайлар аймағындағы объектiлер мен ұйымдардың аумағында құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
      авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына мiндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады, олардың қауiпсiздiгiн және қойылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      төтенше жағдай аймағындағы жағдайдың өзгеруiн бақылауды жүзеге асырады және тиiстi шешiмдер қабылдайды;
      қажеттiлiк шамасына қарай қосымша күштер мен құралдар шақыртады, оларды қарсы алуды ұйымдастырады, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнын (ауданын) айқындайды;
      күштер мен құралдардың резервiн құруды ұйымдастырады, ауысыммен жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды;
      төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органына төтенше жағдайлар аймағында қалыптасқан жағдай және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiнде олардың қабылдаған шешiмдерi туралы хабарлайды;
      күштер мен құралдардың төтенше жағдай орнынан кету тәртiбiн айқындайды.
      Аса қажет болған (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнген) жағдайда төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысы:
      төтенше жағдай аймағына адамдар мен көлiктiң кіруiн шектейдi;
      төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметiн тоқтата тұрады;
      авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, азаматтық қорғаныс құрамаларын , сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын және көрсетілген құрамалардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды, оларда құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргiзуге олардың аттестатталғандығын растайтын құжаттары болған кезде тартады;
      шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ерiктi негiзде халықты, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды олардың келiсiмiмен құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;
      төтенше жағдайлар аймағында көшiру iс-шараларын жүргiзудi ұйымдастырады;
      төтенше жағдайларды жою үшiн төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың материалдық ресурстар резервтерiн босатады ;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес кейіннен шығыстардың орнын толтыра отырып, ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiк құралдарын және өзге де мүлкiн тартады ;
      аса қажет болған жағдайда тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдардың басшыларына олар қабылдаған шешiмдер туралы шұғыл хабарлау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      төтенше жағдайлардың өршуiне әрi құтқару және шұғыл жұмыстардың барысына негiзделген басқа да қажеттi шараларды қабылдайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05 N 1156 ; 2008.11.18 N 1068 Қаулыларымен.

       2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, төтенше жағдайды жоюға бағытталған төтенше жағдайды жою басшысының шешiмi төтенше жағдайлар аймағындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N 1156 қаулысымен.

       3. Төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою туралы жариялағаннан кейiн тоқтатылады. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N 1156 қаулысымен.

Об утверждении Положения о полномочиях руководителя ликвидации чрезвычайной ситуации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 51. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 478

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.05.2011 № 478.

      Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г. N 1156 .

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 марта 1997 года "Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей" и в целях обеспечения эффективного использования сил и средств аварийно-спасательных служб при ликвидации чрезвычайных ситуаций Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о полномочиях руководителя ликвидации чрезвычайной ситуации. <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г. N 1156 .

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждено           
постановлением Правительства  
Республики Казахстан      
от 17 января 2003 года N 51   

Положение
о полномочиях руководителя ликвидации
чрезвычайной ситуации
 

            Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г. N 1156 .

      Настоящее Положение определяет полномочия руководителя ликвидации чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера. <*>
      Сноска. В преамбулу внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г. N 1156 .

      1. Руководитель ликвидации чрезвычайной ситуации:
      организует разведку и оценку обстановки в зоне чрезвычайной ситуации, организовывает спасение людей, используя для этого имеющиеся силы и средства;
      определяет наиболее опасные участки для ведения аварийно- спасательных работ, необходимое количество сил и средств, способы и приемы ведения спасательных работ;
      организует ведение аварийно-спасательных работ в соответствии с планом предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций;
      принимает решение о проведении спасательных и неотложных работ на объектах и территориях организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций;
      осуществляет постановку задач аварийно-спасательным службам и формированиям, организует их взаимодействие, обеспечивает их безопасность и выполнение поставленных задач;
      осуществляет контроль за изменением обстановки в зоне чрезвычайной ситуации и принимает соответствующие решения;
      вызывает, по мере необходимости, дополнительные силы и средства, организует их встречу, определяет место (район) ведения аварийно-спасательных работ;
      организует создание резерва сил и средств, определяет порядок посменной работы;
      информирует Правительство Республики Казахстан, уполномоченный орган в области чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера о сложившейся обстановке и принятых им решениях по организации и ведению аварийно-спасательных и других неотложных работ в зоне чрезвычайных ситуаций при глобальном и региональном масштабе распространения чрезвычайной ситуации;
      определяет порядок убытия сил и средств с места чрезвычайной ситуации.
      В случае крайней необходимости (непосредственной угрозы жизни и здоровью людей) руководитель ликвидации чрезвычайной ситуации при глобальном и региональном масштабе распространения чрезвычайной ситуации:
      ограничивает доступ людей и транспорта в зону чрезвычайной ситуации;
      приостанавливает деятельность организаций, находящихся в зоне чрезвычайной ситуации;
      привлекает к проведению аварийно-спасательных работ силы и средства аварийно-спасательных служб , формирований гражданской обороны , а также добровольные аварийно-спасательные формирования и спасателей, не входящих в состав указанных формирований, при наличии у них документов, подтверждающих их аттестацию на проведение спасательных и неотложных работ;
      привлекает на добровольной основе население к проведению неотложных работ, а также отдельных граждан, не являющихся спасателями, с их согласия, к проведению спасательных работ;
       организует проведение эвакуационных мероприятий в зоне чрезвычайной ситуации;
       разбронирует резервы материальных ресурсов для ликвидации чрезвычайных ситуаций организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций;
       привлекает средства связи, транспортные средства и иное имущество организаций с последующим возмещением расходов в соответствии с действующим законодательством ;
      принимает меры по незамедлительному информированию соответствующих государственных органов, руководства организаций о принятых ими, в случае крайней необходимости решениях;
      принимает другие необходимые меры, обусловленные развитием чрезвычайных ситуаций и ходом спасательных и неотложных работ.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 05.11.2004 N 1156 ; от 18.11.2008 N 1068 .

      2. Решения руководителя ликвидации чрезвычайной ситуации, направленные на ликвидацию чрезвычайной ситуации, являются обязательными для всех должностных лиц граждан и организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г. N 1156 .

      3. Полномочия руководителя ликвидации чрезвычайной ситуации  прекращаются после объявления Правительством Республики Казахстан о ликвидации чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера. <*>
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г. N 1156 .