Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 51 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1156 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 478 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.03 № 478 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 51  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 2, 19-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ережеде:
      тақырыбындағы, кiрiспедегi, 1, 2 және 3-тармақтардағы "Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақта:
      төртiншi абзацтағы "кең ауқымда және аймақтық ауқымда" деген сөздер алынып тасталсын;
      оныншы абзац "Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздердiң алдынан "төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап үшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады