Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.01 № 616 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкіметінiң       
2003 жылғы 22 қаңтардағы
N 81 қаулысымен    
бекiтiлген    

Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрінен екiншi түрiне беру epежeci

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру тәртібiн анықтайды.

      2. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) мүлiктiк кешендерi ретінде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - республикалық заңды тұлғалар), акционерлiк қоғамдардың акциялары мен республикалық меншiктегi жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлестерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмiнiң қолдаухаты негiзiнде коммуналдық меншiкке берiледi;
      2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмiнiң қолдаухаты негізiнде:
      ветеринариялық препараттарды қоспағанда, теңгерiмдік құны беру күнiне он мың және одан асатын ең төменгi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде болған кезде - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша;
      ветеринариялық препараттарды қоспағанда, теңгерiмдiк құны беру күнiне он мың ең төменгi есептік көрсеткiш мөлшерiнен кем болған кезде - теңгерiмiнде берiлетiн мүлiк бар республикалық заңды тұлғаны мемлекеттiк басқару органы не уәкiлеттi орган болып табылатын мемлекеттiк органмен келiсiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң шешiмi бойынша;
      ветеринариялық препараттар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген шешімі бойынша коммуналдық меншікке беріледі;
      3) мүлiктiк кешендер ретiнде коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - коммуналдық заңды тұлғалар), акционерлiк қоғамдардың акциялары және коммуналдық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлестерi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмдiгi қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық меншiкке қабылдау туралы шешiмiнiң негiзiнде республикалық меншiкке берiледi;
      4) коммуналдық кәсiпорындар мүлкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және теңгерiмiне мүлiк берiлетiн республикалық заңды тұлғаны мемлекеттiк басқару органы болып табылатын мемлекеттiк органмен (не уәкiлетті органмен) келiсiлген облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде республикалық меншiкке берiледi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.10 № 927 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 30 күннен аспайтын мерзiмде берушi және қабылдаушы тараптардың уәкiлеттi лауазымды тұлғалары қол қоятын және республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi орган басшылары бекiтетiн мүлiктi қабылдап алу-беру актісi (табыстау актiсi) ресiмделедi.
      Қабылдап алу-беру актiсi (табыстау актiсi) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде төрт данада, қабылдау-беру актiсiн (табыстау актісiн) ресiмдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан жасалады.

Об утверждении Правил передачи государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 января 2003 года N 81. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 616

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.06.2011 № 616 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 192 Гражданского кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила передачи государственного
имущества из одного вида государственной собственности в другой.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены          
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
22 января 2003 года N 81   

Правила
передачи государственного имущества
из одного вида государственной собственности в другой

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии со статьей 192 Гражданского кодекса Республики Казахстан и определяют порядок передачи государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой.

      2. Передача государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой осуществляется в следующем порядке:
      1) республиканские государственные предприятия и республиканские государственные учреждения (далее - республиканские юридические лица) как имущественные комплексы, акции акционерных обществ и доли государства в уставных капиталах товариществ с ограниченной ответственностью, находящиеся в республиканской собственности, передаются в коммунальную собственность по решению Правительства Республики Казахстан на основании ходатайства акима области (города республиканского значения, столицы);
      2) имущество республиканских юридических лиц передается в коммунальную собственность на основании ходатайства акима области (города республиканского значения, столицы):
      при балансовой стоимости десять тысяч и более размеров минимальных расчетных показателей на дату передачи, за исключением ветеринарных препаратов - по решению Правительства Республики Казахстан;
      при балансовой стоимости менее десяти тысяч размеров минимальных расчетных показателей на дату передачи, за исключением ветеринарных препаратов - по решению Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан, согласованному с государственным органом, являющимся органом государственного управления (либо уполномоченным органом) республиканским юридическим лицом, на балансе которого находится передаваемое имущество;
      ветеринарные препараты - по решению Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан, согласованному с уполномоченным государственным органом в области ветеринарии;
      3) коммунальные государственные предприятия и коммунальные государственные учреждения (далее - коммунальные юридические лица) как имущественные комплексы, акции акционерных обществ и доли государства в уставных капиталах товариществ с ограниченной ответственностью, находящиеся в коммунальной собственности, передаются в республиканскую собственность на основании постановления акимата области (города республиканского значения, столицы) и постановления Правительства Республики Казахстан о принятии в республиканскую собственность;
      4) имущество коммунальных юридических лиц передается в республиканскую собственность на основании постановления акимата области (города республиканского значения, столицы), согласованного с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и государственным органом, являющимся органом государственного управления (либо уполномоченным органом) республиканским юридическим лицом, на баланс которого передается имущество.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 10.09.2010 № 927 (порядок введения в действие см. п. 2).

      3. После принятия решения о передаче государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой, в срок не более 30 дней оформляется акт приема-передачи имущества (передаточный акт), подписываемый уполномоченными должностными лицами передающей и принимающей сторон и утверждаемый руководителями органов, уполномоченных на распоряжение республиканским и коммунальным имуществом.
      Акт приема-передачи (передаточный акт) составляется в четырех экземплярах на государственном и русском языках, по одному экземпляру для каждой из сторон, участвующих в оформлении акта приема-передачи (передаточного акта).