Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 927 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.01 № 616 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 38-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесінде:
      2-тармақтың 2) тармақшасында:
      екінші абзацтағы «теңгерімдік құны» деген сөздердің алдынан «ветеринариялық препараттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацтағы «теңгерімдік құны» деген сөздердің алдынан «ветеринариялық препараттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацтағы «коммуналдық меншікке беріледі» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «ветеринариялық препараттар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген шешімі бойынша коммуналдық меншікке беріледі;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады