Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегi N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "және оған жапсарлас" деген сөздер ", сондай-ақ" деген сөзбен ауыстырылсын, "аумақта" деген сөз "аумақтың бөлiгiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 1-қосымша осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi