"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегі N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 28 қаңтар N 100

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегi N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "және оған жапсарлас" деген сөздер ", сондай-ақ" деген сөзбен ауыстырылсын, "аумақта" деген сөз "аумақтың бөлiгiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 1-қосымша осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады