Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметініің 2003 жылғы 19 ақпандағы N 173 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 391 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 391 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларын және тәрбиеленушiлерiн оқу әдебиетiмен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесi бекітілсін.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне оқулықтарды қайтарымды негiзде тегін пайдалануға құқығы бар бiлiм алушылардың санаттарын қосымша белгiлеу құқығы берiлсiн.

      3. Мыналардың:
      1) "Бiлiм беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 157 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 64-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 157 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 489 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 172-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2003 жылғы 19 ақпандағы  
N 173 қаулысымен     
бекiтiлген     

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесi

      1. Осы Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 36-бабына сәйкес әзiрлендi.
      Осы Ереже мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушілерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Мемлекеттік оқу орындарында оқушылармен тәрбиеленушiлердi оқулықтармен қамтамасыз ету:
      жыл сайын мектеп кітапханалары арқылы оқулықтарды қайтарымды негiзде пайдалануға тегiн беру жолымен;
      оқулықтарды бөлшек саудадан сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

      3. Жыл сайын мектеп кiтапханаларынан оқулықтарды қайтарымды негiзде тегін пайдалануға:
      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;
      жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер;
      мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасыларының балалары;
      көп балалы отбасыларының балалары;
      мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасыларының балалары;
      денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша емдеу ұйымдарында бiлiм алатын балалар алады.

      4. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асырушы уәкiлеттi органдар бiлiм берудi басқару органдарына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылары балаларының тiзiмдерiн бередi.

      5. Оқушылар мен тәрбиеленушiлердi қамтамасыз ету үшiн мiндеттi оқулықтардың тiзбесi мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндетті бiлiм беру стандартына сәйкес бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның шешiмiмен бекiтiледi.
      Мiндеттi тiзбеге кiрмейтiн оқу әдебиетiн сатып алуды оқушылар өздерi жүзеге асырады.

      6. 3-тармақта көрсетiлген оқушылар мен тәрбиеленушiлердi кезекті қаржы жылына мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары мектеп кітапханаларының қорлары арқылы даналар саны, атаулары, сыныптары және оқыту тiлдерi бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету қажеттілiгiн жергілікті атқарушы органдар анықтайды және жергіліктi бюджеттер қаражаты есебiнен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi қамтамасыз етедi.
      Республикалық бiлiм беру ұйымдарындағы оқушыларды, сондай-ақ шет елде тұратын отандастарды оқулықтармен қамтамасыз ету қажеттiлiгiн бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган анықтайды және республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.

      6-1. Жергiлiктi атқарушы органдар оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды сатып алу мен жеткiзудi ұйымдастырады, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарының кiтапханаларын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы ұсынған барлық оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелік құралдардың міндеттi данасымен қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N 1261 қаулысымен.

      7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының оқулықтарды тегiн алуға құқығы бар оқушылары мен тәрбиеленушiлерiн қамтамасыз ету үшін мiндеттi тiзбеге кiретiн атаулар бойынша оқулықтарды сатып алу толық таралымымен 4 жылда бiр рет, кейiннен мектеп кiтапханаларын қорландыру циклы бойынша оқу әдебиетiнiң қажеттi санын қосымша сатып ала отырып жүзеге асырылады. Қажетті оқулықтарды қосымша сатып алу төрт жылдық циклдың екi жылы өткеннен кейiн бiлiм алушылардың көрсетiлген контингентiнiң жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi.

      8. Мемлекеттiк білiм беру ұйымдарының кiтапханаларындағы  оқулықтарды сақтау, есепке алу, бepу, қайтару және есептен шығару туралы нұсқаулықты бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтедi.

      9. Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарының студенттерi, магистранттары, курсанттары, тыңдаушылары, тағылымдамашылары аспиранттары, адъюнкттары және докторанттары оқулықтармен осы ұйымдар белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етiледi.

      10. Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң тәртібiн осы бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

Об утверждении Правил обеспечения учебниками обучающихся и воспитанников организаций образования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2003 года № 173. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 391

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.03.2012 № 391 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В целях своевременного обеспечения обучающихся и воспитанников организаций образования учебной литературой и в соответствии со статьей 36 Закона Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила обеспечения учебниками обучающихся и воспитанников организаций образования.

      2. Предоставить право акимам областей, городов Астаны и Алматы дополнительно определять категории обучающихся, имеющих право на бесплатное пользование учебниками на возвратной основе.

      3. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2000 года N 157 "Об утверждении Правил о порядке обеспечения обучающихся и воспитанников организаций образования учебниками" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 5-6, ст. 64);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2001 года N 489 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2000 года N 157" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 14, ст. 172).

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 19 Февраля 2003 года N 173

Правила обеспечения учебниками обучающихся и
воспитанников организаций образования

      1. Настоящие Правила обеспечения учебниками обучающихся и воспитанников организаций образования разработаны в соответствии со статьей 36   Закона Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании" (далее - Правила).
      Настоящие Правила определяют порядок обеспечения учебниками обучающихся и воспитанников государственных организаций образования.

      2. Обеспечение учащихся и воспитанников в государственных учебных заведениях учебниками осуществляется:
      путем ежегодного предоставления учебников бесплатно в пользование на возвратной основе через школьные библиотеки;
      путем покупки учебников в розничной продаже.

      3. В бесплатное пользование на возвратной основе из школьных библиотек учебники ежегодно получают:
      воспитанники интернатных организаций;
      дети-сироты, дети, оставшиеся без попечения родителей, дети с ограниченными возможностями, инвалиды, инвалиды с детства;
      дети из семей, обладающих правом на получение государственной адресной социальной помощи;
      дети из многодетных семей;
      дети из семей, не получающих государственной адресной социальной помощи, в которых подушевой доход ниже величины прожиточного минимума;
      дети, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени обучаются по программам среднего общего образования в лечебных организациях.

      4. Уполномоченные органы, осуществляющие назначение адресной социальной помощи , предоставляют в органы управления образованием списки детей из семей, обладающих правом на получение государственной адресной социальной помощи.

      5. Перечень обязательных учебников для обеспечения учащихся и воспитанников утверждается решением центрального исполнительного органа в области образования в соответствии с государственным общеобязательным стандартом образования.
      Приобретение учебной литературы, не входящей в обязательный перечень, осуществляется учащимися самостоятельно.

      6. Потребность в обеспечении на очередной финансовый год учебниками учащихся и воспитанников, указанных в пункте 3, через фонды школьных библиотек государственных организаций образования по количеству экземпляров, наименованиям, классам и языкам обучения определяется местными исполнительными органами и обеспечивается за счет средств местных бюджетов акимами областей, городов Астаны и Алматы.
      Потребность в обеспечении учебниками учащихся в республиканских организациях образования, а также соотечественников, проживающих за рубежом, определяется центральным исполнительным органом в области образования и обеспечивается за счет средств республиканского бюджета.

      6-1. Местные исполнительные органы организуют приобретение и доставку учебников, учебно-методических комплексов и учебно-методических пособий, в том числе обеспечивают библиотеки государственных организаций образования, дающих среднее общее образование, обязательным экземпляром всех учебников, учебно-методических комплексов и учебно-методических пособий, рекомендованных центральным исполнительным органом Республики Казахстан в области образования. <*>
      Сноска. Дополнены пунктом 6-1 - постановлением Правительства РК от 3 декабря 2004 г. N 1261 .

      7. Приобретение учебников по наименованиям, входящих в обязательный перечень, для обеспечения учащихся и воспитанников государственных организаций образования, имеющих право на бесплатное получение учебников, осуществляется один раз в 4 года полным тиражом, с последующим дополнительным приобретением необходимого количества учебной литературы по циклу фондирования школьных библиотек. Дополнительное приобретение необходимых учебников производится по истечении двух лет четырехлетнего цикла в объеме не более чем для двадцати процентов указанного контингента обучающихся.

      8. Инструкция о хранении, учете, выдаче, возврате и списании учебников из библиотек государственных организаций образования утверждается центральным исполнительным органом в области образования.

      9. Студенты, магистранты, курсанты, слушатели, стажеры, аспиранты, адъюнкты и докторанты государственных организаций образования обеспечиваются учебниками в порядке, определенном этими организациями.

      10. Порядок обеспечения учебниками обучающихся и воспитанников негосударственных организаций образования определяется этими организациями образования в соответствии с законодательством Республики Казахстан.