Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 157
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-7, 64-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережеде:
1-тармақтағы "36-бабына" деген сөздер "30 және 36-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген сөздерден кейін ", облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін даналар саны, атаулары, оқыту сыныптары мен тілдері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуге кезекті қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қалыптастырады.
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қалыптастыратын мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, республикалық жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларын және шетелдердегі оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік тапсырыс бойынша тек қана Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі пайдалануға рұқсат еткен оқулықтар саны мен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары