"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2002 жылғы 16 қыркүйектегi N 10/2003-э келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура мен санда Навои тау-кен комбинатына (Навои қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 19 ақпандағы
N 177 қаулысына
қосымша
2002 жылғы 16 қыркүйектегi N 10/2003-э келiсiм-шарт бойынша Навои тау-кен комбинаты (Өзбекстан Республикасы, Навои қаласы) үшiн "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" (Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсіпорны беретiн жарылғыш материалдардың номенклатурасы мен саны
___________________________________________________________________
Р/с| Жарылғыш | СЭҚ ТН |Өлшем |Саны|Бірлік үшін| Құны
N |материалдардың | коды |бірлігі| |бағасы АҚШ | АҚШ
| атауы | | | |долларымен | долларымен
___________________________________________________________________
1 ДШЭ-12 МЕМСТ 360300100 мың. 1800 178,0 320400,0
6196-78 м.
тұтандырғыш бау
2 КД8МА 360300900 мың 170 117,52 19980,0
тұтандырғыш дана
капсюль, ДИШВ
773.941.008 ТУ
3 ЗПБ ТУ 84-206-81 360300900 мың 5 354,0 1770,0
жандырғыш дана
патрондар
4 ОШП МЕМСТ 360300100 мың 550 128,0 70400,0
3470-80 м.
от өткiзгiш бау
5 ЭЗ-ОШ-M ТУ 360300900 мың 20 384,0 7680,0
84-207-81 дана
электр
жандырғыш
6 ЭД-ЗН ДИШВ 360300900 мың 53 532,0 28196,0
773. 951. 30ТУ дана
электр
тұтандырғыш
7 ВП-0,8 854460100 мың 255 62,0 15810,0
магистралды дана
өткiзгiш
Жиыны 464236,0
___________________________________________________________________
Жөнелту пунктi: Пашино станциясы, Батыс-ciбip темiр жолы (Ресей Федерациясы).
Баратын пунктi: Янги-Зарафшан және Үшқұдық станциялары, Өзбек темiр жолы (Өзбекстан Республикасы).
Шекаралық өту пункттерi: Локоть станциясы - Шеңгелдi станциясы.