Ескерту. Мәтінде "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" ЖШС" деген сөздер "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N 1221 қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексі) 295-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға қосымша келiсiмдер жасассын, онда:
мемлекет атынан роялти алушының - "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ) жер қойнауын пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес роялтимен есеп айырысу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын баға бойынша шикi мұнай түрiнде көмiрсутегi шикізатының көлемiн алуы қамтамасыз етiлсiн;
"ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ алуға тиесiлi көмiрсутегi шикізатының көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар төлейтiн роялти төлемiнiң заттай нысаны болып табылады деп белгiленсiн;
жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмi бойынша роялти төлеу есебiне жеткiзiлетiн шикi мұнай көлемiн тапсырудың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда белгiленген мерзiмге қарағанда неғұрлым ертерек мерзiмi белгiленсiн;
1-1) "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ-пен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес көмірсутегі шикізатының осы көлемін кейіннен тасымалдау және сату үшін жер қойнауын пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес роялтимен есеп айырысу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын бағалар бойынша заттай түрде роялти төлеу есебіне шикі мұнай түрінде көмірсутегі шикізатының көлемін алу жөнінде тапсырма шарты жазылсын;
2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N
1221
қаулысымен.
2. "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ (келiсiм бойынша):
1) жер қойнауын пайдаланушылардан кейіннен оларды сатумен заттай нысанда роялти төлеу есебiне жеткiзiлетiн шикi мұнай көлемiн қабылдасын және осы тапсырмаға сәйкес құжаттарды ресімдесін;
2) жер қойнауын пайдаланушылар есептеген роялти сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен роялти төлеу үшiн белгiленген мерзiмде республикалық бюджетке аударуды жүргiзсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N
1221
қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовке жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N
1221
қаулысымен.
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N
1221
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі