Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N 198 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1221 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Заттай нысанда роялти төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N 198  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) мәтінде "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" ЖШС" деген сөздер "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацындағы "жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң" деген сөздер "акционерлік қоғамының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ-пен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес көмірсутегі шикізатының осы көлемін кейіннен тасымалдау және сату үшін жер қойнауын пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес роялтимен есеп айырысу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын бағалар бойынша заттай түрде роялти төлеу есебіне шикі мұнай түрінде көмірсутегі шикізатының көлемін алу жөнінде тапсырма шарты жазылсын;";
      3) 2-тармақтың 1) тармақшасы "және осы тапсырмаға сәйкес құжаттарды ресімдесін;" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовке жүктелсін.";
      5) 4-тармақтағы "2005" деген сандар "2008" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады