Заттай нысанда роялти төлеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 25 ақпан N 198

       Ескерту. Мәтінде "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" ЖШС" деген сөздер "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N  1221  қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексі)  295-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға қосымша келiсiмдер жасассын, онда:
      мемлекет атынан роялти алушының - "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ) жер қойнауын пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес роялтимен есеп айырысу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын баға бойынша шикi мұнай түрiнде көмiрсутегi шикізатының көлемiн алуы қамтамасыз етiлсiн;
      "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ алуға тиесiлi көмiрсутегi шикізатының көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар төлейтiн роялти төлемiнiң заттай нысаны болып табылады деп белгiленсiн;
      жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмi бойынша роялти төлеу есебiне жеткiзiлетiн шикi мұнай көлемiн тапсырудың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда белгiленген мерзiмге қарағанда неғұрлым ертерек мерзiмi белгiленсiн;
      1-1) "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ-пен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес көмірсутегі шикізатының осы көлемін кейіннен тасымалдау және сату үшін жер қойнауын пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес роялтимен есеп айырысу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын бағалар бойынша заттай түрде роялти төлеу есебіне шикі мұнай түрінде көмірсутегі шикізатының көлемін алу жөнінде тапсырма шарты жазылсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N  1221  қаулысымен.

      2. "ҚазМұнайГаз" сауда үйi" АҚ (келiсiм бойынша):
      1) жер қойнауын пайдаланушылардан кейіннен оларды сатумен заттай нысанда роялти төлеу есебiне жеткiзiлетiн шикi мұнай көлемiн қабылдасын және осы тапсырмаға сәйкес құжаттарды ресімдесін;
      2) жер қойнауын пайдаланушылар есептеген роялти сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен роялти төлеу үшiн белгiленген мерзiмде республикалық бюджетке аударуды жүргiзсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N  1221  қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовке жүктелсін.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N  1221  қаулысымен.

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N  1221  қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады