Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) толықтыру енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 жылғы 11 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетiнде және 2003 жылғы 11 қаңтарда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне (Ерекше бөлiм) өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы ) мынадай толықтыру енгізiлсiн:
830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес өзге де тұлғаларға берiледi.".
2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi