"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 наурыздағы N 223 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) толықтыру енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 жылғы 11 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетiнде және 2003 жылғы 11 қаңтарда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне (Ерекше бөлiм) өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы ) мынадай толықтыру енгізiлсiн:
      830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес өзге де тұлғаларға берiледi.".
      2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады