Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 279 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Проект  

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Белгiленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді
әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару
және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың
сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi
мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
      1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құралымдары қатарынан запасқа шығарылсын.
      2. Шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарына 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жергiлiктi өкiлдi органдармен бiрлесiп, тиiстi әскери комиссариаттар арқылы 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзудi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұланы мерзiмдi әскери қызмет өткеру үшiн шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелтудi және белгiленген мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiн өткерген әскери қызметшiлердi босатуды қаржылық және материалдық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
      5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об увольнении в запас военнослужащих срочной военной службы, выслуживших установленный срок военной службы, и об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2003 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2003 года N 279

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "Об увольнении в запас военнослужащих срочной военной службы, выслуживших установленный срок военной службы, и об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2003 года".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект     

Указ Президента Республики Казахстан Об увольнении в запас военнослужащих срочной военной службы,
выслуживших установленный срок военной службы, и об очередном
призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу
в апреле-июне и октябре-декабре 2003 года

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 января 1993 года "О всеобщей воинской обязанности и военной службе" постановляю:
      1. Уволить из рядов Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан в запас в апреле-июне и октябре-декабре 2003 года военнослужащих срочной военной службы, выслуживших установленный срок военной службы.
      2. Призвать на срочную военную службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2003 года граждан мужского пола, которым ко дню призыва исполнилось 18 лет, не имеющих права на освобождение или отсрочку от призыва на срочную военную службу, а также граждан, утративших право на отсрочку от призыва.
      3. Акимам областей, городов Астаны и Алматы совместно с местными представительными органами организовать и обеспечить проведение призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2003 года через соответствующие военные комиссариаты.
      4. Правительству, Комитету национальной безопасности, Республиканской гвардии Республики Казахстан организовать финансовое и материальное обеспечение отправки граждан Республики Казахстан, призванных в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования для прохождения срочной военной службы, и увольнения военнослужащих, выслуживших установленные сроки срочной военной службы.
      5. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан