Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Проект
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Белгiленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді
әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару
және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың
сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi
мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құралымдары қатарынан запасқа шығарылсын.
2. Шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарына 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жергiлiктi өкiлдi органдармен бiрлесiп, тиiстi әскери комиссариаттар арқылы 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзудi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұланы мерзiмдi әскери қызмет өткеру үшiн шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелтудi және белгiленген мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiн өткерген әскери қызметшiлердi босатуды қаржылық және материалдық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi