2003 жылғы егiннiң астығын сатып алудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  24-бабына  және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабы  9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына 2003 жылғы егiннiң 2 000 000 (екі миллион) тоннаға дейiнгi көлемдегi бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын кредит ресурстарын тарту есебiнен осы қаулымен бекiтiлген Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.23. N 854 
қаулысымен .

      2. Қоса берiлiп отырған 2003 жылғы егiннiң астығын сатып алу ережесi бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi A.C.Есiмовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2003 жылғы 27 наурыздағы  
N 301 қаулысымен      
бекiтiлген         

2003 жылғы егiннiң астығын сатып алу
ережесi

      Осы Ереже "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  24-бабына  сәйкес әзiрлендi.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) агент - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы;
      2) комиссия - құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және агенттiң өкiлдерi енгiзiлетiн, сатушыларды iрiктеудi жүзеге асыратын, агент құратын комиссия;
      3) сатушы - астықты сатып алуға қатысушы жеке немесе заңды тұлға.

      2. Сатушылардан астықты сатып алуды агент iрiктеп алған астық қабылдау кәсiпорындарында агент жүзеге асырады.

      3. 2003 жылғы егiннiң бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын сатып алу екi кезеңде жүзеге асырылады:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң пруденциалдық нормативтерiн орындайтын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң кепiлдiгiмен көктемгi-жазғы кезеңде 2003 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде қаржыландыру арқылы;
      күзде тiкелей сатып алу арқылы.
      2003 жылғы егiннiң бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын сатып алу тауарлық биржалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

  2. Астық сатып алуды жүргiзудiң және оны
қаржыландырудың тәртiбi

      4. Осы Ереже жарияланғаннан кейiн агент республикалық баспасөз басылымдарында сатып алудың шарттары мен астық сатып алу жүзеге асырылатын астық қабылдау кәсiпорындарының тiзiмiн жариялайды.

      5. Өзiнiң астығын сатуға мүдделi сатушы комиссияға:
      1) көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы сатып алу бағдарламасына қатысу үшiн:
      сатып алуға ұсынылып отырған астықтың көлемi көрсетiлген өтiнiмдi;
      Сатушыға банктiк кепiлдiк беру ниетi туралы екiншi деңгейдегi банктiң хатын;
      жер пайдалану құқығын белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
      2) тiкелей шарттар бойынша күзгi сатып алуға қатысу үшiн:
      астықты сату туралы жазбаша өтiнiмдi;
      астық қолхатының көшiрмесiн бередi. <*>
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.12. N 28   қаулысымен .

      6. Комиссия анықтаған сатушы агенттiң облыстық өкiлдiгiмен агент бекiткен нысан бойынша астық сатып алуға шарт жасасады.
      Шартты жасасу үшiн сатушы қосымша құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң көшiрмесiн не салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетiп және сатушы бiрыңғай жер салығын төлеушi екендiгiн және қосылған құн салығын төлеушi емес екендiгiн растай отырып, салық қызметi органының анықтамасын бередi.
      Бұдан басқа:
      заңды тұлғалар үшін:
      құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және статистикалық есеп карточкасының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      жеке тұлғалар үшiн:
      астықты сатушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi берiледi.

      7. Көктемгі-жазғы кезеңде қаржыландырылған астықты қабылдау және күзде сатып алынатын астыққа ақы төлеу үшiн сатушы мынадай құжаттарды бередi:
      астық қолхаты мен оның куәлiктерi бойынша құқықтың агентке өтуiн растайтын тапсыру жазбасы (индоссаментi) бар сатып алынатын астық көлемiне астық қолхатының түпнұсқасын;
      астықты сертификаттау бойынша белгiленген тәртiппен тiркелген ұйым (зертхана) берген сапа сертификатының түпнұсқасын;
      салық заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген шот-фактураны.

      8. Агент мынадай жағдайда бес банктiк күн iшiнде ақша қаражатын сатушының шотына аударуды жүзеге асырады:
      көктемгi-жазғы қаржыландыру бағдарламасы бойынша - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң банктiк төлем кепiлдiгiн бергеннен кейiн;
      күзгi сатып алу бағдарламасы бойынша - осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды бергеннен кейiн.

О некоторых вопросах закупа зерна урожая 2003 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2003 года N 301. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года N 1301.

       Сноска.   Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2003 года N 301 утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года  N 1301   (вводится в действие с 1 января 2008 года и подлежит официальному опубликованию).
      В соответствии со  статьей 24  Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" и с подпунктом 9) статьи 18  Закона  Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Рекомендовать закрытому акционерному обществу "Продовольственная контрактная корпорация" осуществить закуп зерна пшеницы и других сельскохозяйственных культур урожая 2003 года в объеме до 2000000 (два миллиона) тонн за счет привлечения кредитных ресурсов в соответствии с Правилами, утвержденными настоящим постановлением. <*>

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 23 августа 2003 года  N 854  .

      2. Утвердить прилагаемые Правила закупа зерна урожая 2003 года.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Есимова А.С.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 27 марта 2003 года N 301 

Правила
закупа зерна урожая 2003 года

      Настоящие Правила разработаны в соответствии со  статьей 24  Закона Республики Казахстан "О государственных закупках".

  1. Общие положения

      1. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) агент - закрытое акционерное общество "Продовольственная контрактная корпорация";
      2) комиссия - создаваемая агентом комиссия, осуществляющая отбор продавцов, в состав которой включаются представители Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и агента;
      3) продавец - физическое или юридическое лицо, участвующее в закупе зерна.

      2. Закуп зерна осуществляется агентом у продавцов на хлебоприемных предприятиях, отобранных агентом.

      3. Закуп зерна пшеницы и других сельскохозяйственных культур урожая 2003 года осуществляется в два этапа:
      посредством финансирования в весенне-летний период в срок до 1 августа 2003 года под гарантии банков второго уровня Республики Казахстан, выполняющих пруденциальные нормативы Национального Банка Республики Казахстан;
      осенью посредством прямого закупа.
      Закуп зерна пшеницы и других сельскохозяйственных культур урожая 2003 года может осуществляться через товарные биржи.

  2. Порядок проведения закупок зерна и их финансирования

      4. После опубликования настоящих Правил агент публикует в республиканских печатных изданиях условия закупа и список хлебоприемных предприятий, на которых осуществляется закуп зерна.

      5. Продавец, заинтересованный в продаже своего зерна, представляет в комиссию:
      1) для участия в программе закупа посредством весенне-летнего финансирования:
      заявку с указанием предлагаемого к закупу объема зерна;
      письмо банка второго уровня о намерении предоставить Продавцу банковскую гарантию;
      копию документа, устанавливающего право землепользования;
      2) для участия в осеннем закупе по прямым договорам:
      письменную заявку о продаже зерна;
      копию зерновой расписки.  <*>

      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 12 января 2004 г.  N 28  .
      

      6. Продавец, определенный комиссией, заключает договор на закуп зерна с областным представительством агента по форме, утвержденной агентом.
      Для заключения договора продавец представляет копию свидетельства о постановке на учет по налогу на добавленную стоимость, либо справку из органов налоговой службы с указанием регистрационного номера налогоплательщика и подтверждением, что продавец является плательщиком единого земельного налога и не является плательщиком налога на добавленную стоимость.
      Кроме того, представляются:
      для юридических лиц:
      нотариально заверенные копии учредительных документов;
      нотариально заверенные копии свидетельства о государственной регистрации и карточки статистического учета;
      для физических лиц:
      копии документов, удостоверяющих личность продавца зерна;
      копии документов, подтверждающих право на занятие предпринимательской деятельностью.

      7. Для приема зерна, профинансированного в весенне-летний период и оплаты закупаемого осенью зерна продавец предоставляет следующие документы:
      оригинал зерновой расписки на закупаемый объем зерна с передаточной надписью (индоссаментом), удостоверяющей переход прав по зерновой расписке и ее свидетельствам к агенту;
      оригинал сертификата качества, выданного аккредитованной в установленном порядке организацией (лабораторией) по сертификации зерна;
      счет-фактуру, оформленную в соответствии с требованиями налогового законодательства.

      8. Агент в течение пяти банковских дней осуществляет перечисление денежных средств на счет продавца:
      по программе весенне-летнего финансирования - после предоставления банковской гарантии платежа банка второго уровня Республики Казахстан;
      по программе осеннего закупа - после предоставления всех необходимых документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил.