"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес және материалдық әрi моральдық залалды өтеу туралы азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне сот шешiмдерi бойынша 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерінің мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн 8465651 (сегiз миллион төрт жүз алпыс бес мың алты жүз елу бiр) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 28 наурыздағы
N 303 қаулысына
қосымша
Орындалуға тиiстi азаматтық iстер бойынша
сот шешiмдерiнiң тiзбесi
------------------------------------------------------------------
Р/с! Сот органының атауы !Талапкердің ! Мемлекеттік ! Мемлекеттік
N ! және шешiмнiң күнi ! Т.А.Ә. !баж шегерілген! баж (теңге)
! ! ! сома (теңге) !
------------------------------------------------------------------
1. Алматы қаласы N 2 В.А. Куроедов 49 150 -
Бостандық аудандық
сотының 06.08.2002 ж.
шешiмi
2. Алматы қаласы Алмалы К. Мұсабеков 500 000 -
аудандық сотының
27.12.1999 ж. шешiмi,
Алматы қаласы Алмалы
аудандық сотының
17.09.2002 ж.
ұйғарымы.
3. Алматы қаласы Алмалы В.М. Стогнев 705 510 -
аудандық сотының
01.10.2002 ж. шешiмi
4. Алматы қаласы Алмалы П.И. Сарымолотова 48 000 -
аудандық сотының
19.07.2001 ж. шешiмi
5. Жамбыл облысы T. Кәрiбеков 2 000 000 -
Мойынқұм аудандық
сотының 24.12.2001 ж.
шешiмi, Жамбыл
облыстық сотының
13.02.2002 ж. қаулысы
6. Жамбыл облыстық С.У. Acaтoв 865 860 -
сотының 12.06.2002 ж.
қаулысы
7. N 2 Шымкент қалалық Б. Бекбосынұлы 154 000 -
сотының 30.11.2002 ж.
ұйғарымы
8. Тараз қалалық Р.Ф. Шарипов 10 390 100
сотының 20.03.2002 ж.
шешiмi
9. Алматы қаласы Медеу T. Манақбай 1 000 000 -
аудандық сотының
16.10.2001 ж. шешiмi,
Алматы қалалық
сотының азаматтық
iстер жөнiндегi сот
алқасының 24.12.2001
ж. қаулысы
10. Алматы қаласы Медеу T. Манақбай 2 771 870 -
аудандық сотының
10.06.2002 ж. шешiмi,
Алматы қалалық
сотының азаматтық
iстер жөнiндегі
алқасының 01.08.2002
ж. қаулысы
11. Тараз қалалық сотының К.М. Ахметов 150 000 771
07.05.2002 ж. шешiмi
12. Астана қаласы Сарыарқа Л.И. Клепак 210 000 -
аудандық сотының
24.12.2001 ж. шешiмi
Жиыны 8 464 780 871
Жалпы сомасы 8 465 651
------------------------------------------------------------------