Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамы адамдары антының мәтінін бекіту туралы" 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 978 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті салық полициясы қызметкерлері Антының мәтінін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1481 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі